Тоқаев: Үкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шараларын жариялайды
Тоқаев: Үкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шараларын жариялайды
© сурет интернеттен алынды
110
оқылды
Ертең Үкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға байланысты және тестілеу ауқымын кеңейту туралы шараларды жариялайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
"Азаматтардың карантин режимін жаппай сақтамауы салдарынан к/вирус індетінің таралу қаупі күшейіп тұр. Дегенмен, Үкіметтің бақылауында. Ертең Үкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға байланысты және тестілеу ауқымын кеңейту туралы шараларды жариялайды", – деп жазды Тоқаев.
Еске сала кетейік, қазір Қазақстанда 15542 адам коронавирус жұқтырған, оның 9716-сы сауыққан, 88 адам қайтыс болды.