Нұр-Сұлтандағы ауруханаларға күніне түсіп жатқан 500 адамның әр екіншісі пневмония екен. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы Сәуле Қисықова мәлімдеді.
«Жыл басынан қаладағы ауруханаларға күніне орта есеппен пневмониямен ауыратын бес пациент түсетін. Бірақ осы маусым айынан бастап ауруханаларға күніне орта есеппен 500 адам келетін болды. Ал оның әр екіншісі пневмониямен түсіп жатыр. Оның 90 пайызының халі өте ауыр немесе қиын жағдайда келіп жатқандар. Ондай жандар бірден жансақтау бөліміне жатқызылуда» дейді ол.