Әлемде коронавирусты жұқтырғандардың саны 8 миллионнан асты
Әлемде коронавирусты жұқтырғандардың саны 8 миллионнан асты
©Сурет интернеттен алынды
138
оқылды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 17 маусымдағы ақпаратына сәйкес, эпидемия басталғаннан бері әлемде 8 061 550 адам коронавирусқа шалдыққан. Өткен тәулік ішінде 119,7 мың адамнан коронавирус анықталды.
– Әлемде COVID-19 ауруына шалдыққандардың саны 8 миллионнан астам, – дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус.
Оның мәлімдеуінше, әсіресе Америка, Африка және Оңтүстік Азия елдерінде сырқаттанушылардың саны тез өсуде. .