Енді Құлсары станциясына жолаушыларды отырғызу және түсіру тек медициналық сараптама немесе медициналық мекеменің шақыру хаты болған жағдайда рұқсат етіледі.
"Жылыой ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шешіміне сәйкес, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында 18 маусымнан бастап 2 шілдеге дейін келесі жолаушылар пойыздарына билет сатуға және Құлсары станциясында жолаушыларды отырғызу мен уақытша тоқтауға тыйым салынады" деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.Ал билетті бұрын сатып алғандар оны қайта өткізіп, ақшасын қайтарып ала алады.