Қазақстандық спортшылар флешмоб үшін iPhone бермекші (видео)

Қазақстандық спортшылар флешмоб үшін iPhone бермекші (видео)

Қазақстандық спортшылар Халықаралық Олимпиада күніне арналған флешмоб өткізді. Оның видеосын Жүзу спортынан Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин өзінің инстаграм парақшасында  жариялаған болатын.  [embed]https://www.instagram.com/p/CBj4ZPRHSxk/?utm_source=ig_web_copy_link[/embed]

Бұл челленджге қатысу үшін бірнеше жеңіл қозғалысты қайталап шығу ғана керек. Мысалы, бокс пен каратэнің бір-екі соққысын көрсету, садақ ату мен семсерлесудің қимылдарын қосу. Ақырында әркім өзі айналысатын спорттағы қимылдарды қосып, бәрін бір әуенге салып шығуы керек. 
Түсірілген бейнені #teamKZ , #бізбен бірге қозғал, #OlympicDay хэштегімен өз парашаңызға жүктеп, Олимпиада комитетінің @olympickz аккаунтын белгілеуіңіз керек. Мұнда басты міндет - карантин шараларын сақтау. Кімде-кім бетперде мен арадағы қашықтықты сақтауы тиіс. Жеңімпазды 23 маусым күні анықтайды. Міне, соған iPhone сыйға беріледі. Бұл флешмобты фристайлшы Юлия Галышева қолдап, парақшасында жариялап та қойды. [embed]https://www.instagram.com/p/CBjy8JEA91x/?utm_source=ig_web_copy_link[/embed]