Алматылықтар жаппай коронавирусқа қан тапсырып жатыр
Алматылықтар жаппай коронавирусқа қан тапсырып жатыр
©Сурет интернеттен алынды
142
оқылды
Коронавирусқа тест тапсырушылар саны Алматыда да күрт өскен. Арнайы сынама тапсыратын орталықтарда қазір шеті жоқ кезек. Өйткені денсаулығына алаңдаған жұрттан бөлек, арнайы мекемелер міндеттеген қызметкерлер де көп.
- Күніне көлікпен 70 адам өткен кездер болды. Қазір 20 пайызға көтерілді, блок-бекеттер ашқаннан кейін. Күніне 20-30 пайыз оң нәтиже шығады, симптомсыз, дейді тест орталығының қызметкері Алмира Сәрсенбаева.
Қаланың бас санитар дәрігері де соңғы уақытта ауруын анықтауға келгендердің саны ұлғайғанын айтады. Жалпы Алматыда бүгінге дейін 163 мың адам коронавирусқа тексерілген.