Бұл туралы әкім Бақытжан Сағынтаев Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Атмосфералық ауаның сапасын LED-экранда көрсетеміз. Қаланың әр бөлігінде орналасқан датчиктердегі ақпаратты Қазгидромет жаңартып, өңдейді. Бұл жоба алматылықтардың қаланың экологиялық ахуалын біліп отыруына мүмкіндік береді», - деп жазды Б. Сағынтаев.[embed]https://twitter.com/sagintayev_b[/embed] Ақпарат 26 датчик арқылы жақын маңдағы LED-экранға түседі. Мұндағы мәліметтер бір күнде үш рет жаңартылады. Қосымша тағы 10 мониторингілік станса қосылатын болады. Мәліметтер ауаның негізгі 6 көрсеткішінен тұрады. Олар: РМ 2,5 өлшенген бөліктері, күкірт диоксиді, азот диоксиді, азот оксиді, көміртегі оксиді, фенол.