Балаларды алдап, олардың ақшасы мен алтынын тартып алған алаяқ ұсталды
Балаларды алдап, олардың ақшасы мен алтынын тартып алған алаяқ ұсталды
©Сурет интернеттен алынды
252
оқылды
31 жастағы қылмыскерді Нұр-Сұлтандағы Полиция департаментінің қызметкерлері ұстап алды. 
Тергеу барысында анықталғандай,  күдікті Нұр-Сұлтанда кәмелетке толмаған балалардың жанына жақындап, өзін көріпкел ретіндеп таныстырған. Содан ата-анасы мен жақындарының тіл-көзден аластап, дұға оқып беретінен сендіреді.  Ал ол үшін үйдегі асыл бұйымдар мен ақшаны алып шығуға көндіріп алады.
Міне, осындай әрекетпен әлгі әйел үш баланы алдап түсірген. Сөйтіп күдікті 600 мың теңге мен асыл бұйымдарға олжаланды. Ол тіпті, алтындарды ломбардқа өткізіп, ақшасын алып алған екен.
«Қазіргі уақытта күдіктінің үш алаяқтық ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұған дейін ол алаяқтық үшін бірнеше рет сотталған», - деді департамент қызметкерлері.