Бүгінде Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны 3217-ге жетті. Осындай үлкен ауқымда аяқасты дерттің өсуін ескеріп, осы демалыс күндерді (сенбі, жексенбі) қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында шектеулер қойылады.
Қаладағы ірі сауда орталықтары, базар, дүкендердің бәрі жабық болады. Тіпті сол күндері сауда орталықтарының ішіндегі азық-түлкі дүкендері де істемейтін болады. Оған қоса, демалыс күндері қоғамдық көліктер де тоқтатылады.