Тоқаев Елбасының тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді
Тоқаев Елбасының тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді
© © Sputnik / Владислав Воднев
141
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының тезірек сауығып кетуіне тілектесітік білдірді. «Өкінішке қарай, к/вирус біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасыны да айналып өтпеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Ол рухы мықты адам. Оның бүкіл өмірі күреске толы, сондықтан, ол бұл сынақты да жеңіл еңсереді деп сенемін», - деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында. Еске салсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус жұқтырып,  оқшауланғанын хабарлаған болатынбыз.