Әлемде коронавирус жұқтырған басшылардың жағдайы қандай?
Әлемде коронавирус жұқтырған басшылардың жағдайы қандай?
©А.Ахметқазы
192
оқылды
Коронавирус адам таңдамайды. Бүгінгі таңда әлемде 8 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған. Олардың ішінде билік басындағы белгілі тұлғалар да бар. Сарапшылар шенеуніктердің коронавирус жұқтыру қаупі жоғары екенін айтуда. Өйткені, олар халықтың адамы, үйден шығып, көпшілікпен кездеспей тұра алмайды. Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус індетін жұқтырғаны туралы хабарлама тарады. «Қазіргі кезде Қазақстанның Тұңғыш Президенті өзін-өзі оқшаулады. Өкінішке қарай, Елбасының коронавирус инфекциясына тапсырған соңғы сынамасы оң нәтиже көрсетті. Алайда, алаңдауға негіз жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев қашықтан жұмыс істеуді жалғастыруда», – деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Наурыздың соңында Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон коронавирус жұқтырды. Британдық көшбасшыда ауру белгілері аса білінбеген.  Тесттің оң нәтижесін алған соң Джонсон Даунинг-стриттегі резиденциясында өзін-өзі оқшаулады. Бір апта өткен соң ауруханадан шыққан ол өмірін сақтап қалған дәрігерлер мен медбикелерге алғыс айтты. Ауруханадан шыққан соң ол тағы екі апта сауықтыру шараларынан өтті.  width= Сәуірдің соңында Ресейдің үкімет басшысы Михаил Мишустин коронавирус жұқтырып, оқшауланды. Бұл туралы ол Ресей президенті Владимир Путинге бейнебайланыс арқылы айтты. РФ премьер-министрі бірден ауруханаға жатқызылды. 6 мамырда Мишустин сауыға бастады. Келесі күні экономика мәселелері бойынша үкімет отырысына бейнебайланыс арқылы қатысты. 19 мамырда ол коронавирустан толық сауығып, ауруханадан шықты.  width= Армения  премьер-министрі Никол Пашинян және оның отбасы коронавирус жұқтырды.  Бұл туралы ол 1 маусымда Facebook-тегі парақшасында хабарлады. "8 маусымда біз қайта тест тапсырып, бәрімізде коронавирус жоқ екенін көрдік", – деп жазды Пашинян. Оның айтуынша, қазір ең бастысы бәрі сау және барлығында иммунитет қалыптасқан. Армения премьер-министрі жұмысқа оралғанын айтты.  width= Наурыз айының басында Франция мәдениет министрі Франк Риестер коронавирус жұқтырды. «Риестер өзін жақсы сезінеді», – деп хабарлады ол басқаратын ведомстводан. Бұдан министрдің коронавирустың жеңіл түрін жұқтырғанын аңғаруға болады. Наурыздың ортасына қарай Францияның денсаулық сақтау министрі Оливье Веран елдің бұрын коронавирус жұқтырған  азаматтары сауыққанын айтты. "Францияның аумағында коронавируспен ауырғандар жоқ. Вирус енді тарап жатқан жоқ. Лионда ауруханаға жатқызылған соңғы пациент сауықты. Ол үйіне оралды", – деді Веран.  width= Флорида штатынан америкалық конгрессмен-республикандық Марио Диас-Баларт коронавирус жұқтырды. Ол АҚШ-тағы жоғары заңнамалық органнан індет жұқтырған бірінші тұлға. Оның ыстығы көтеріліп, басы ауырған. Коронавирусқа тест тапсырып, біраз уақыт өткен соң инфекция жұқтырғанын білген. Диас-Баларт кейін Twitter-дегі парақшасында өзін жақсы сезінетінін жазған. Ол америкалықтарды коронавирус пандемиясына сақтықпен қарауға шақырды. "Бәріміздің медициналық нұсқауларды сақтауымыз маңызды. Сонда ғана біз бұл ауруды айналып өтіп, оның таралуына жол бермейміз», – деді конгрессмен.  width= Израиль денсаулық сақтау министрі және "Агудат Исраэль" партиясының төрағасы Яаков Лицман сәуірдің басында коронавирус жұқтырды. Шамамен екі апта өткенде емдеу шараларынан соң оның сауыққаны белгілі болды. Енді ол жалпы мемлекеттік деңгейде коронавируспен күресіп жатыр. Лицман мен оның әйелі  Хаваның (Ева) коронавирусты 2 сәуірде жұқтырғаны белгілі болды. 71 жастағы Лицман жасына байланысты қауіпті топта болғанымен, денсаулығында айтарлықтай кінәрат жоқ. Егер басқа аурулары болған жағдайда, коронавирустан сауығуы қиын болар еді. Осы уақыт бойы ол үйінде оқшауланып, елдің денсаулық сақтау саласын қашықтан басқарды.  width=