Қарағанды облысында 3500 га алқап өртке оранды
Қарағанды облысында 3500 га алқап өртке оранды
Фото ашық дереккөзден алынды
169
оқылды
Қарағанды облысында 3500 га жерді қамтыған дала өрті екінші тәулік жанып жатыр. Ақтоғай ауданы Айыртау ауылынан оңтүстікке қарай 42 км жерде дала өрті орын алды. Өрт 16 маусымда 13 сағат 18 минутта басталған. Өрт сөндіруге Қарағанды облысының ТЖД күштері мен құралдары және ерікті өрт сөндіру құрылымдары жұмылдырылды. Жаз басталғалы Қарағанды облысында 91 дала өрті тіркелді, олардың ауданы 3700 га астам аумақты құрайды. Ләззат Қожахметова, Қарағанды облысы