Мақтааралдықтар Елбасының сауығып кетуін тіледі
Мақтааралдықтар Елбасының сауығып кетуін тіледі
©сурет интернеттен алынды
Мақтаарал ауданы мәслихатының депутаттары Елбасының коронавирус жұқтыруына байланысты денсаулығына алаңдаушылық білдіріп, сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Бүгін біз әлеуметтік желіден сіздің короновиурс жұқтырып алып, ем қабылдап жатқаныңызды естіп, уайымдап қалдық. Содан бері Мақтаарал ауданының халқы да Сіздің денсаулығыңызды ойлап, алаңдаулы күйде отыр. Сіз егемен еліміз – Қазақстан Республикасының іргетасын қалаған кемеңгер көшбасшысыз. Еуразия кіндігіндегі бас қаламыз бен Ұлы даланың жасампаз жаңғыртушылық рухын бүкіл әлемге паш еткен дара Тұлғасыз. Сіз Тәуелсіздіктің арқасында төрткүл дүниеге достық құшағын айқара ашқан асқақ Астананы салып, еңсесі биік Ақорданы құтты орнына қондырған жансыз. Сізді Мырзашөл жұрты бойында батылдық пен бастамашылдық, жаңашылдық пен жасампаздық, кемеңгерлік пен көрегендік бар Тұлға ретінде ерекше құрметтейді. Осыдан бір жарым ай бұрын Мақтаарал ауданының 5 ауылын топан су басып, төтенше жағдай туындағанда да Сіз басқарып отырған «Нұр Отан» партиясының «Біз біргеміз» акциясы аясында барша қазақстандықтар Сіздің бастамаңызбен Мырзашөл жұртына ерекше қолдау білдірді. Нәтижесінде облыстық штаб қоймасына еліміздің түкпір-түкпірінен 1000 тоннаға жуық гуманитарлық көмек келіп жетті. Сіздің пәрменіңізбен «Нұр Отан» партиясы Мырзакент маңындағы 20 үйдің құрылысын жүргізіп жатыр. Бұл Сіздің Мырзашөл жұртына деген ерекше ықылас, ілтипатыңыз деп қабылдаймыз. Сіз Қазақ елін әлемге танытқан Ұлы кемеңгер, көшбасшысыз. Біз, яғни мақтааралдықтар Сіздің бұл індетті жеңіп шығатыныңызға бек сенімдіміз.