Алматыда соңғы екі аптада вирус жұқтырғандардың саны екі есеге өсіп кетті. Бұл туралы онлайын брифинг барысында қаланың мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады. «Қазір Алматыда эпидемиологиялық ахуал күрделеніп кетті. Тұрғындар арасында індет жұқтырғандардың саны күрт өсіп барады. Мәселен соңғы екі аптада екі есеге артты. Қала тұрғындарының денсаулығын сақтау, эпидемиологиялық жағдайды қалыптастыру, коронавирус иннфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында осы сенбі-жексенбі күндері қаладағы ірі сауда орындары мен базарлар жабылады»,-деді Жандарбек Бекшин. Бұған дейін, Алматы әкімі карантиннің күшейтілуіне байланысты тұрғындарға үндеу жолдады.