Алматыда демалыс күндері тек таксилер жүретін болды
Алматыда демалыс күндері тек таксилер жүретін болды
© сурет интернеттен алынды
132
оқылды
Алматыда демалыс күндері такси қызметі әдеттегі режимде жұмыс істейді. Бұл туралы қаланың мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әділов хабарлады. Маусымның 20-21 күндері көптеген ұйымдардың жұмысына шектеу қойылуына байланысты қоғамдық көліктер де жұмысын тоқтатады. Қала ішіндегі және сыртындағы маршруттар бойынша барлық автобус, троллейбустар жұмысқа шықпайды. Ал такси жұмыс істеп тұрады. Таксопарктердің барлығы тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Барлық көліктер санитарлық дезинфекциялаудан өтетін болады», - деді ол. Оның айтуынша, дүйсенбіден бастап қоғамдық көліктердің жұмысы қайта жанданады. Бүгін Алматыда ірі сауда ойын-сауық орталығы, базарлар, азық-түліктен басқа тауарлар сататын базарлар, қоғамдық көліктің жұмысы 2 күнге тоқтатылатынын хабарлаған болатынбыз. Осыған байланысты қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына үндеу жариялады.