Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирус жұқтырды
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирус жұқтырды
© сурет интернеттен алынды
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
"Құрметті қазақстандықтар! Менің де оқшаулануыма тура келді. Инфекциядан қанша сақтанғаныммен болмады. Менен ауру белгісі жоқ коронавирус инфекциясы анықталды. Тезірек айығу үшін дәрігерлердің айтқанын істеп, жұмысқа ораламын. Азаматтардан сақтық шарасын - маска тағып, антисептик қолданып, қолды жиі жуып, гигиенаны сақтауды өтініп сұраймын. Аман-сау болыңыздар! ", - деп жазды ол.
Еске салайық, 14 маусымда Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны анықталды. Оның жағдайы қазір орташа деп бағаланып отыр.