"Кемеңгер басшымыздың тезірек сауығып кетуін тілеймін" - Бауыржан Байбек
"Кемеңгер басшымыздың тезірек сауығып кетуін тілеймін" - Бауыржан Байбек
© сурет интернеттен алынды
193
оқылды
«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партия Төрағасы Елбасының коронавирус жұқтырғанын айтып, оның тезірек сауығып кетуін тіледі. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды. "Құрметті достар! Өкінішке қарай, коронавирус індеті Тұңғыш Президентіміз, Елбасыға да жұққаны анықталды. Бұл хабар бәріміздің де жанымызды жабырқатты. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан бастап, бүкіл жұртымыз Елбасының денсаулығына алаңдап, тезірек сауығып кетуін тілеп жатыр. Өмірдің талай аумалы-төкпелі өткелдерінен сүрінбей өтіп, қабырғалы қалың елін өркениет өріне бастап келе жатқан Елбасының бұл сынақты да жеңіл еңсеретініне толық сенімдімін. Бұған менің ұзақ жылдар Елбасының қасында тығыз жұмыс істеп, тағлымын алып келе жатқан жан ретінде толық көзім жетеді. Елбасы - терең парасат пен асқақ рухтың ғана емес, мықты денсаулықтың да иесі. Жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, саламатты өмір салтын ұстанып, тұрақты түрде спортпен шұғылданғанына талай куә болдым. Елге тұтқа, жұртқа тірек бола білген кемеңгер басшымыздың тезірек сауығып кетуін тілеймін!" , - деп жазды ол.