Қазақстанның бес өңірінде ескерту жарияланды
Қазақстанның бес өңірінде ескерту жарияланды
187
оқылды
Қазақстанның бес өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, -деп хабарлады Қазгидромет РМК. 19 маусымда Ақмола облысында солтүстіктен жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі. Өрт тұтану қаупі бар. Ескертудің ықтималдығы 85-90 %. 19-20 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстіктен соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. 19-20 маусым күндіз Петропавл қаласында солтүстіктен соққан желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал. Ескертудің ықтималдығы 90-95 %. 19 маусымда Қостанай облысында және Қостанай қаласында күн күркіреп, тұман түседі. Солтүстіктен жел соғып, күші 15-20 м/с-ке жетеді. Ескертудің ықтималдығы 90-95 %. 19 маусым күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан соққан желдің бағыты батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Қызылорда қаласында батыстан күші 15 м/с болатын жел соғады. 19 маусым күндіз Атырау облысының кей жерлерінде және Атырау қаласында 35-36 градус апатап ыстық болады. Өрт қаупі - V деңгейде. Ескертудің ықтималдығы 90-95 %.