Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева коронвирустың жеңіл түрімен ауыратындарда қандай белгілер болатынын айтып берді. "Коронавирустың жеңіл түрімен ауыратындар тыныс алудан қиналмайды. Дене қызуы қалыпты немесе 38 градустан төмен болады. Сосын кабыну белгілері бақалады. Мысалы, тамағы қызарып кетеді, я болмаса, жыбырлап тұрады. Мұрны бітеледі, аздап жөтел пайда болады. Пульс минутына 60-80 рет соғады", - деді Ақтаева онлайн брифингте. Оның айтуынша, коронавирустың жеңіл түрімен ауыратындар және симптомсыз науқастар тест оң нәтиже көрсетсе де, ауруханаға жатқызылмайды. Оларды емхана дәрігері қашықтан бақылап отырады. "Ал пациенттің басы ауырып, әлсіреп, денесі сырқырап, қызуы 38 градустан асса, демікпе секілді интоксикация белгілері білінсе, коронавирустың ауыр түрі басталды деген сөз. Ондай науқастар стационарда емделуі керек", - деп түсіндірді Ақтаева.