Шымкентте карантин мерзімі 6 шілдеге дейін ұзартылды, - деп хабарлайды қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығы.
Онда басшы коронавирус инфекциясы өршуіне байланысты шаһарда карантин мерзімі ұзаратынын, кейбір шектеу шаралары енгізілетінін атап өтті.
"Қалада шектеу шарасы 22 маусымға дейін еді. Алайда шектеу 6 шілдеге дейін созылып отыр. Одан бөлек, кейбір шектеу шаралары енгізіледі. Арнайы топпен қоғамдық көліктер мен қоғамдық орындарды аралап шықтық. Өкінішке қарай, сақтық шаралары дұрыс сақталмаған. Мұның бәрі қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне әкеліп соғады", - деді Ербол Садыр қалалық әкімдікте өткен жиналыста.
ойын-сауық орталықтары, ірі сауда орындары, базарлар, сауда үйлері мен орталықтары, фитнес орталықтары, бассейндер және спорттық нысандардың жұмысы тоқтатылады. Бірақ тек сенбі, жексенбі күндері", - деді қала әкімінің бірінші орынбасары. Бірақ Ербол Садыр көпқабатты тұрғын үйлердің аумағындағы азық-түлік, жеке азық-түлік дүкендері және қаладағы "Жібек жолы", "Қазыбек" көтерме базарлары жұмысын істейтінін атап өтті. Сонымен қатар, қала әкімінің бірінші орынбасары қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы тоқтайтынын, тек қана ашық далада тамақтану орны бар және санитарлық нормаларды сақтаған орындар ғана өз жұмысын жалғастыратынын жеткізді. Сондай-ақ, қоғамдық көліктер сенбі, жексенбі толық тоқтайды.
"Басқа күндері мерзіміне шектеулер енгізіліп, таңғы сағат 07:00-ден 11:00-ге дейін және түстен кейін 17:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін ғана жүреді. Ал 22 маусымнан бастап ХҚКО және Жұмыспен қамту орталығының жұмыстарына да шектеулер қойылады. Олар таңғы сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Оның өзінде онлайн көрсетілмейтін қызметтерді ғана іске асырады. Мұнда келетін азаматтар онлайн кезекке тұруы керек", - делінген хабарламада.
Халық көп жиналатын көшелер, арбаттар, скверлер, спорттық және балаларға арналған алаңшалар, туристік орындар, саябақтардың жұмысы тоқтайды.
Айта кетейік, Шымкентте коронавирус жұқтырғандар саны 1 185-ке жетті. 524 науқас дертінен айықты, 12 адам қайтыс болды.