Пандемия кезінде мемлекеттік қызметте адами ресурстарды басқарудың озық шешімдері талқыланды
Пандемия кезінде мемлекеттік қызметте адами ресурстарды басқарудың озық шешімдері талқыланды
190
оқылды
Астана хабына қатысушы елдердің уәкілетті мемлекеттік органдарының басшылары пандемия кезінде жаһандық ынтымақтастық пен күш-жігер біріктіруге шақырады. Астана мемлекеттік қызмет хабы Корея Республикасының Персоналды басқару министрлігі және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірге ұйымдастырған «COVID-19 пандемия кезеңінде мемлекеттік қызметте адами ресурстарды басқару: озық тәжірибелер мен шешімдер» жаһандық онлайн конференциясы өтті. Конференцияға Еуропа, Азия, Американың 12 елінен 250-ден астам сарапшылар, мемлекеттік қызметшілер және, ғалымдар қатысты. Конференцияның ашылу рәсімінде Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитетінің Төрағасы Алихан Байменов, Корея Республикасының Персоналды басқару министрі Со Чонг Хван, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы Анар Жаилганова, ЭЫДҰ Мемлекеттік басқару дирекциясының Бөлім басшысы Татьяна Теплова сөз сөйледі. Конференцияны аша отырып, Алихан Байменов «дәстүрлі функцияларға қосымша HR қызметі нәтижелі жұмыс кеңістігін қалыптастыруда белсенділік танытуы тиіс», – деп айтты. Ол сондай-ақ, «қоғамның мемлекетке сенімі – әлеуметтік құндылық қана емес, сонымен қатар тиімді әкімшілік капитал» екендігін атап өтті. Оның айтуынша, «жаңа жағдайда Үкіметтер жаңа әдістер мен тәжірибе жинақтауда, соған сәйкес халықаралық ынтымақтастық пен озық тәжірибе тарату мейлінше маңызды бола түсуде». Осы ретте Байменов COVID-19 контекстінде тәжірибе алмасатын Практиктердің Виртуалды Альянсына практикалық кейстер мен материалдар ұсынған Хабтың серіктестері мен бірқатар елдер үкіметтеріне алғысын білдірді. министр-Корея мемлекеті Министр Со Чонг Хван пандемиямен күрестегі Корея тәжірибесі туралы айта келе, мемлекеттік секторды пандемиядан кейінгі қалыпты жағдайға дайындау маңыздылығына назар аударды: «Келешекте үкімет кез келген дағдарыста қоғамды қорғауға және өзінің функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жүйемен қамтамасыз етуі қажет… Біз бүгінгі күнге дейін қалыпты санап келген қазіргі жұмысқа қабылдау әдістеріне, жұмыс жасау түрлеріне және адами ресурстарды дамытуға түбегейлі шолу жасау қажет». Осы жағдайда, оның ойынша, «тек бір елдің күш-қуатымен парадигманы өзгерту қиын. Бізге ғаламдық серіктестік және күш-қуатты біріктіру қажет», - деді. Агенттік төрағасы Анар Жайлганова: «Қазақстанда COVID-19 пандемиясы мемлекеттік аппарат жұмысының қайта қалпына келмейтін трансформациясының катализаторына айналды». Осы жағдайда «азаматтардың мемлекеттік қызметтерді қашықтан алуына, өтініштерді тапсыруға арналған ақпараттық жүйелер мен порталдардың үздіксіз жұмыс істеуіне ерекше назар аударылды», – деді. Ол сонымен қатар, «жинақталған тәжірибені егжей-тегжейлі талдап, Қазақстанның мемлекеттік қызметінің адами ресурстарын басқару саласындағы бизнес-процестерінің одан әрі үдемелі автоматтандырылуын қамтамасыз ету» жоспарда бар екенін атап өтті. ЭЫДҰ Мемлекеттік басқару дирекциясының Бөлім басшысы Татьяна Теплова: «Қазір бізге пандемия дағдарысын келісіп және кешенді түрде шешу қажет, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттар белгілеу керек. Ол үшін инклюзивті және тұрақты саясатты қалыптастырып, іске асыра алатын тиімді мемлекеттік қызметтің болуы маңызды. ЭЫДҰ мемлекеттік қызметтегі адами ресурстарды басқару сферасын тұрақты күшейтуге үнемі ұмтылады», - деді. Конференция барысында Корея Республикасының, Қазақстанның, Украинаның және Өзбекстанның мемлекеттік қызмет істер жөніндегі уәкілетті органдарының өкілдері және сарапшылары өз елдеріндегі COVID-19 пандемиясы жағдайында мемлекеттік қызметтің жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті. Олар мемлекеттік қызметшілерді басқару жүйесіндегі өзгерістер, мемлекеттік органдар жұмысының үздіксіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік қызметшілерді ынталандыруға бағытталған шаралар туралы айтып берді. Аталған елдердің тәжірибесі конференция қатысушылары қызығушылығын тудырды, себебі қазір әлемде мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін барынша оңтайлы шешімдерді іздеу және бейімдеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Халықаралық ұйымдар өкілдерінің баяндамалары да қызықты болды. ЭЫДҰ Мемлекеттік басқару дирекциясының жобалық менеджері Даниэль Герсон «COVID-19-дан кейін жұмысқа оралу: мемлекеттік қызметшілерді не күтуде?» тақырыбында сөз сөйледі. Қазақстан HR қауымдастығының Үйлестіру кеңесінің төрағасы Гульмира Раисова және Қазақстандағы Ernst&Young компаниясының аға менеджері Дамир Деминов өз мекемелері жүргізген зерттеулердің нәтижелерімен бөлісті. Зерттеу карантин кезеңінде жұмысты ұйымдастырудағы бірқатар сын-тегеуріндер мен мәселелерді айқындаған. Сарапшылар дағдарыстан шығу және «жаңа нақтылық» жағдайында қызметкерлерді тиімді басқаруға арналған шаралар туралы айтып берді. Барлық спикерлер Астана мемлекеттік қызмет хабының озық тәжірибелерді таратуындағы, серіктес елдер мен сарапшылар қоғамдастығы арасында тәжірибе алмасудағы рөлін ерекше атап өтті.