Кәсіпкерлік ахуалмен таныстырды
Кәсіпкерлік ахуалмен таныстырды
5,120
оқылды
«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Мем­лекет басшысына кәсіпкерліктің төтенше жағ­дай режимі және карантин шектеулерінен кейінгі жағдайы туралы айтты. Тимур Құ­лы­баев бизнестің зардап шеккен салаларының түйткілді мәселелерін талқылау бойынша жұ­мыс кездесулердің өткенін айтып, оның алдын ала қорытындысы туралы ақпарат берді. «Ата­мекен» ҰКП бастамасы бойынша бизнес-қ­о­ғам­дастықтың өкілдерімен өткен бірлескен кез­десулерге Премьер-Министр, Үкімет мү­шелері, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Ал­маты, Шымкент қалаларының әкімдері қа­тыс­ты. Мемлекет басшысына жұмыспен қамту және қолдау шараларының тиімділігіне қа­тысты кәсіпкерлер арасында жүргізілген сауалнамалардың қорытындысы туралы да баян­далды. Аталған сауалнамаларға 65 мыңға жуық бизнес субъектісі қатысқан. Бұдан бө­лек, Қазақстан Президентіне Үкімет, жергілікті атқарушы органдар мен «Атамекен» ҰКП-ның бірлесіп, Жұмыспен қамту мәселелері жөнін­дегі бірыңғай ахуалдық орталық ашу туралы ұсыныс айтылды.