Лига праймеризді бақылайды

Лига праймеризді бақылайды

Ал елі­мізге бел­гілі бір топ азамат «Nur Otan» пар­тиясына жақтас болу үшін арнайы  Лига құрды. Таң­­ғалғанымыз да содан. Өйт­­кені он­сыз да Қа­­­зақ­стан­­ның саяси сах­на­сын­да «Nur Otan» пар­­тиясымен үзең­гі қағыс­тыра қояр еш­­қандай күш жоқ еке­нін жұрт жақ­сы біледі. Сөйт­кен қуат­­ты саяси құры­лымды пар­тия жұ­мы­сын сырт­тай ба­қылап жүрген бір­қа­тар сая­саттану­шы, қоғам бел­сен­ді­сі, бло­гер мен жур­на­листер қол­да­мақ­қа бекініпті. Енді мәселені рет-ре­тімен тал­дасақ. Нұр-Сұлтан қаласында бас қос­­қан бел­сенді азаматтар сауын айтып, сәрсенбінің сә­­тін­­де журналистерді жинады. Бел­­гі­лі сая­саттанушы Ерлан Сайы­ров, Эдуард По­летаев, Ма­рат Шибутов, блогерлер Би­бі­гүл Дәулетбекқызы, Яков Фе­доров, жур­налист Жанарбек Әшім­жан бастаған топ масс-медиаға жа­са­ған мәлімдемесінде «Nur Otan» пар­тиясы жақтас­тары­ның Ли­гасын құрғаны тура­лы айтты. Жаңа саяси қоз­ға­лысты құру­шылар «Nur Otan» өткізгелі жат­қан прай­меризді кә­дімгідей ба­қылауға алып, елдегі ең қуат­ты саяси күштің аты­нан заң шы­ғарушы орган­дарға сай­ла­натын азаматтардың шынымен де іскер, беделді, бі­лімді һәм білік­ті болғанын қа­­­лайтынын білдірді. Әрі пар­тияның ішінде ғана өте­тіндей кө­рінетін прай­мериздің саясат­қа жақын аза­маттарды кәдім­гідей қы­зық­ты­ра­тынын бай­қат­ты. Біздің пайым­дауы­мызша, жи­нал­ған­дар­дың басын қосқан ең басты құн­­дылық үміт болса керек. Яғни аз­аматтар биліктегі пар­тия­ның алдағы сай­лауға дайын­­дығы еліміздің да­муында, сая­си үрдістерде түбегейлі өз­ге­ріс бо­­латынын байқатқан. Үміт отын оятқан. Содан да шығар көбі пар­тия мүшесі болмаса да, «Nur Otan» партиясын жақтауға бел шеше кіріс­пек ниет таныт­ты. Олар­дың мұндай қа­дам­ға баруы­на бірқатар себеп бар еке­­нін де сездік.  

Мемлекетке сенімді күшейтеді деседі...

 Біздің пайымдауымызша, Ли­ганы құрған азаматтар елі­міздегі өзге партияларды емес, «Nur Otan» партиясын қолдау арқылы ең ал­ды­мен бұқараның көңіліндегі түйткілді билікке жет­­кізіп, елдің түпкір-түпкірін­дегі әлеу­меттік, экономикалық, рухани мәсе­лелерді шешуге ық­пал етуді көздесе керек. Мұндай қа­дам ең алдымен халықтың мем­лекетке деген сенімін ны­ғай­туы тиіс. Өйт­кені биліктегі пар­тия ұйымдастырғалы жат­қан праймериз арқылы «Nur Otan»-ға мү­ше болмаған азамат та үміт­кер бола алатыны партия­ның беделін өсіруі тиіс. Әрі аза­мат­тардың сайлану құқын пай­далануына мүмкіндік береді де, бұл өз кезегінде халық­тың би­лік­ке деген сенімін күшейтеді. Бү­гінгідей аумалы-төкпелі за­манда бұқара мен би­ліктің өзара сенімі ғана елдің тыныш­тығына, өсіп-өркендеуге кепілдік бола­ты­нын саясаткерлер түсініп отыр. Содан да болар, белсен­ді­лер бірден қуатты партияға жақ­тас болуды көздепті. Екіншіден, прай­меризді бақылау, азамат­тарды қолдау арқылы қоғам белсенділері партия ішіндегі өз­герістердің де ізсіз кетпеуін на­зарда ұстамақ бол­ғаны бай­қалып тұр. Егер партияға іскер, бі­лікті һәм халыққа беделді аза­маттар кө­бірек тартылса, солар арқылы түйткілді мә­селелер шешілер болса бұқараның ұтары сөз­сіз. Оған қозғалысты ұйым­дастырушылардыың бірі Ерлан Сайыровтың айтқандары нақты дәлел болады. «Лига күрделі әлеу­меттік мәселелердің ше­ші­мін тұжырымдау елдің нақты сая­си күшінің маңына, яғни «Nur Otan» партиясының жа­ны­на шоғырлана отырып, диалог пен консенсусқа негізделуі тиіс деген қағиданы ұстанады. Қоз­ғалысқа қатысушылар өңірлерге шы­ғып, жұрттың әлеуметтік же­лілердегі ұсыныстары мен ті­легін жинақтайды, осының негізінде партияға конструктивті ұсыныстар тұжырымдайды», – деді Ерлан Сайыров. Сонымен қа­тар ол Лиганы құруда «алды­мен мемлекет, содан соң демок­ра­тия» приципін басшылыққа алға­нын айтты. «Біздің негізгі прин­ци­пі­міз: бірінші – мем­лекет, екінші – мемлекеттің ат­ри­буты ретіндегі демократия», – деді Е.Сайыров. Әрине, бұл жерде «Nur Otan» партиясы халықтың тілектеріне, әлеуметтік желілердегі ұсыныс­тары мен өтініштеріне назар ау­дармай отыр деген түсінік ту­мауы керек. Партия тиісті құры­лымдар арқылы бұқараның көңіл күйін дөп басып отыр. Со­нымен бірге, демократиялық прин­циптерді де ұмытқан емес. Алайда Лиганы құрушылар мұ­ны аз санайтын сыңайлы. Әрі партияның ықпалы арқылы жергілікті жерлерде сайлау ере­желерін белден басатын атқа­мінерлерді тежеуді де көз­дейді. Бұл өз кезегінде елдегі өзге де саяси күштердің саяси додаға сескенбестен қатысуына, тіпті оған қазірдің өзінде дайындық жасай бастауына себеп болуы ғажап емес. Сөйтіп, елдегі саяси процестердің дұрыс дамып, сайлаудың әділ әрі ашық өтуіне де ықпал етуі ықтимал. Тәуел­сіздік алғанына жарты ғасыр да толмаған еліміз үшін қазіргі таңда саяси күштердің салиқ­а­лы, салмақты болып қалыптас­қаны, билік пен халықтың өзара үйлесімі маңызды. Жаңа Лига мемлекетшілдік принциптерін алға тартқанда осы жайттарды назарда ұстаған тәрізді.  

Праймеризден үміт күтеді

Лига құрушылардың айтқан­дарынан түйгеніміз, олар «Nur Otan» партиясы өткізетін прай­ме­ризден үміт күтетін тәрізді. Өйт­кені праймериз тәсілінің жаһан­дағы көптеген елдегі сай­лау­да «жүзден жүйірік, мыңнан тұлпарды» анықтайтынын, со­ның нәтижесінде талай елдің да­муы, халқының әл-ауқаты жақ­сарғанын қозғалыс белсен­ділері де, қоғам да жақсы біледі. Демек, бұрын әлеуметтік желі­лерде де, масс-медиада да би­лік­ке, партияларға сын айтудан тар­тынбайтын белсенділердің биліктегі партияға жақтас болу­ға ұмтылуы, праймериздің әділ болуын қадағалуға ниеттенуі қа­зақ қоғамының саяси процес­терге бақылаушы емес, нақты қатысушы ретінде араласқысы келгенін көрсетсе керек. Әрі олар праймериздің елдегі саяси жүйенің болашағын айқындай­ты­нына сенеді. Оған саясаттану­шы Эдуард Полетаевтың сөзі дә­лел. «Праймериз саясаттың тек ерекше таңдаулы адамдар­дың ғана еншісі емес екендігін көрсетуі тиіс. Қазіргі кезде бізге жаңа идеялары бар, әрі қарай дамуға көмек беретін креативті адамдар қажет. Праймериз тың тұлғалардың, әсіресе әйелдер мен жастардың саяси мінберге шығуына жол ашпақ», – деп атап өтті Эдуард Полетаев. Өз ке­зегінде саясаттанушы, Қа­зақ­стан Президенті жанындағы Ұлт­тық қоғамдық сенім кеңе­сі­нің мүшесі Марат Шибутов жақ­тастар Лигасы бүкіл қоғамды заң жобаларын талқылауға қа­тыс­тыруға ынталандыратынын айт­ты. «Шын мәнінде, прай­ме­риз – саяси процеске демок­ра­тиялық нормаларды ендіру. Біз белсенділерді жинап, олардың өту барысын бақылайтын бола­мыз. Жалпы, Лига адамдардың әртүрлі тобының ұсыныстарын тал­дау негізінде партия басшы­лы­ғымен республикалық дең­гей­де диалог жүргізеді», – деді Марат Шибутов.   Ал қоғам белсендісі Мұрат Әбенов болса праймеризге жер­гілікті жерлерде бірқатар әкім-қаралар кедергі болуға ұмтылуы мүмкін екенін айтты. Сондықтан партия жақтастарының Лигасы мұндайға жол бермеуді де көз­дей­ді. «Егер партия өзгеруге дайын болса, мен көмек беруге дайын­мын. Біз өңірлерге шы­ғып, праймериздің ашық өтуін бақылайтын боламыз. Жергі­лікті жерлерде әкімдер прайме­риз­ге тосқауыл жасауы мүмкін. Мысалы, егер әлдекім прай­ме­риз­ге қатысқысы келіп, оған ке­дергі келтірсе, ол бізге жүгіне ала­ды. Мен өзекті мәселелерді талқылау үшін әлеуметтік же­лілер арқылы ауық-ауық тіке­лей эфирге шығып отырамын. Жалпы, біз алдағы партияішілік ірік­теуде жастарға қолдау көр­сетуге тиіспіз. Лиганың барлық күштермен өзара ынтымақтаса әрекет етуге дайын екенін атап өткім келеді», – деді Мұрат Әбенов. Яғни, Лиганы құрушы­лар партиядағы өзгерістерді ел­дегі трансформацияның басы деп бағалайды.  

Блогерлер мен журналистер де белсеніпті

Лига құрушылардың қата­рын­да «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан мен блогер-журналист Бибігүл Дәулетбекқызының, блогер Яков Федоровтың болуы ең алды­мен елдегі саяси белсенді­ліктің арта түскенін байқатады. Айталық, әдетте әдебиет пен журналистика төңірегінде пікір білдіріп жүретін Жанарбек Әшімжанның Лига құрамына қосылуы еліміздегі саяси про­цестердің жаңа арнаға түскенін байқатады. «Ең әуелі сіздер «Nur Otan» жақтастары Лигасын партия мүшелері құрған шығар» деген ой болуы мүмкін. Бірақ біз «Nur Otan»-ның мүшелері емес­піз. Алайда жаңа бір дәуір келе жатыр. Қазақстандағы тұтас бір саяси кезең түйінделіп, жаңа саяси дәуір басталды. Осы ке­зең­де қоғамда, тек Қазақстанда ғана емес, тұтас әлемде сұрапыл қайшылықтар болып жатыр. Біз үшін ең маңызды дүние – Тәуел­сіздік. Тәуелсіздікті сақтай оты­рып, сіз бен біз келешекте ба­ла­ларымызға қандай қоғам қал­дырамыз дейтін өзекті мәселе әркімді ойландырады. Осы ба­ғытта нақты жұмыс істеп жатқан сая­си күш көріп тұрған жоқпын. Сон­дықтан «Nur Otan» пар­тия­сына жақтасу арқылы, прайме­ризді бақылау арқылы саяси процестердің ел игілігіне жұмыс істеуіне ықпал етсек дейміз. Түр­лі мәселелерді партия арқы­лы билікке жеткізіп, сайлау кезінде кездесетін заңбұзу­шы­лыққа, әсіресе жергілікті жер­лер­де әкім-қаралардың дауыс беруге ықпал етуіне тосқауыл болуды көздейміз. Біз партия­ның күшін халық мүддесі үшін жұ­мыс істеуге бағыттасақ дей­міз» , –деді Ж.Әшімжан. Ал бло­гер-журналист Бибігүл Дәу­летбекқызының Лигаға қо­сылуы­на жуырда Ақтөбеде бол­ған сот процесі бірден әсер ет­кені байқалады. Ол әділет үшін күресті тек әлеуметтік желілер мен масс-медиа арқылы жүр­гізу­дің онша тиімді бола қой­май­тынына көз жеткізгенін айтты. Сондықтан елдегі ең қуат­ты партияның бастамалары­на назар аударып, «Nur Otan» ұйымдастырып жатқан прайме­риз­ге бақылау жасаудың, сол арқылы сот және әділет жүйесін модернизациялаудың өзекті еке­нін атап өтті. Яғни партия аты­нан сайлауға түсетін азамат­тарды іріктеудің қоғам назары­нан тыс қалмауына мүдделі. Сон­да құқық қорғау мен өзге са­ла­лардағы кемшіліктерді жоя­тын нормативтердің қабыл­дануы­на ықпал ететін білікті аза­маттардың заң шығарушы органға сайлануына мүмкіндік тумақ екен. Ал блогер Яков Федоров болса праймериз жас­тардың жолын ашатынына се­неді екен. Лигаға сол үшін қо­сыл­ғ­ан сыңайлы. «Біз әлеу­меттік желілерден, ас үйлердегі әңгімелерден торыққан көңіл күйді көріп отырмыз, яғни адам­дар өз туған ауылында, ту­ған қаласында, туған елінде өз қабілеттерін аша алмайды. Мен бұл ретте бұдан гөрі жақсырақ өмір сүрсем деген қарапайым қалауы бар адамдар туралы ай­тып отырмын. Мен өңірлерді көп аралаймын, жасы отыздан асса да, әлі күнге оларға жас ма­ман деп қарайтын өз ісінің на­ғыз шебері болған адамдарды бі­лемін. Біздің міндетіміз – өңір­лердегі осындай адамдарды тарту, олардың өз облысын нақ­ты қалай дамыту қажеттігі тура­лы ойларын айтқызу. «Nur Otan» партиясының праймеризі – өз ойларың мен бастамаларыңды іске асыруға, кәсіпқойлығыңды көрсетуге, елді дамыту туралы идея­ларыңды ортаға салуға жақ­сы мүмкіндік. Бізге заң шы­ғару­шы органға баруға дайын кәсіп­қой мамандарды табу ғана емес, сарапшылар ұсынатын саяси күн тәртібін қалыптастыруға қа­жетті идеяларды жинақтау да маңызды. Адам депутат болып ту­майды, бұған мектепте үйрет­пейді. Адам бұған талпыну ар­қы­лы жетеді», – деді Яков Фе­доров.   Түйін:

Қысқасы, елдегі ең ықпалды, ең қуатты партияға жақтас болу­ды қалайтындар Лига арқылы саяси процестерге араласуға бел буған сыңайлы. Олардың не себепті «Nur Otan» партиясын таң­дағаны ішінара белгілі де болды. Шамасы өзге саяси күш­тердің бұқараның арасындағы беделі мен ықпалының төмендігі, саяси амбициясы мен жоспар­ларының көңілден шықпауы ел­де­гі түрлі реформаларды билік пар­тиясынан басқа күштің жүзеге асыруға қауқарсыз екеніне көз­де­рін жеткізген тәрізді. Әйтпесе, қозғалысты құрған қайраткерлер атқарушы билікті де, партияларды да аямай сынаудан тартынбайтын, әлеуметтік желілерде «еркін пі­кірлі» азаматтар еді.

 

Ардақ СҰЛТАН