Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаңалықтар

«Кәдесіне» қарай көлігі

Кубаға саяхаттап барған туристер бұл мемлекетті «ке­ңестік көне көліктер елі» деп атайды.

«Айқын» ақпарат
Маусым 19, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
kolik

Бірер жылдан соң Қа­зақстан да ұқсас мәрте­беге ие болуы мүмкін. Елдегі автопарк әбден ескіріп бара­ды. Ал бірнеше миллион теңге утилизациялық алымның енгі­зілуі республикамызға жаңа кө­ліктердің әкелінуіне тосқауыл болды.

Қазақстанның «Сарыарқаав­тоөнеркәсіп» зауыты мен Өзбек­станның UzAuto Motors компаниясы АҚШ-тың General Motors-ымен бірлесіп, биылғы 28 наурызда Chevrolet Nexia және Chevrolet Cobalt автомобильдерін құрастыруға кірісті: Америка автоалпауыты жасайтын Chevrolet кө­­ліктерінің осы екі түрін орталы­қазиялық бірлескен кәсіпорын шашылған күйде тасып, Қостанайда құрастырады. Қазақстан автобиз­несі қауымдастығы кеше темір тұлпарлардың осы 2 моделін Ресейге сату басталғанын хабарлады.

«Қостанайда өндірілген авто­көліктерді экспорттау қазақ – өзбек бірлескен жобасын дамыту­дың келесі қадамына айналды. Уағдаластық бойынша Chevrolet автомобильдері Қазақстан нары­ғында сатылады, сондай-ақ Бе­ларусь пен Ресейге экспортталуы тиіс» делінген хабарламада.

Абхаздың «темір тұлпарына» неге қызықтық?

Павлодарда жүргізуші дүңгіршекті қағып кетті

Бауыржан Байбек Алматының көлік жүйесіндегі реформа туралы айтты

Бұған қоса, Өзбекстанда Chevrolet Spark моделі жасалады. Еуразиялық одаққа кірмейтін өзбек ағайындар онысын да қазақтар арқылы ЕАЭО елдеріне сатуға қол жеткізді. Қорыта айтқанда, бұл саланың елді қуантар басқа жаңалығы жоқ.

 

«Мәстек» жеккен көш оңбас

Қазақстанның біраз өңірінде әрбір он машинаның 8-інің «жасы» 10 жылдан асып кетіпті. Яғни, бұл облыстардың автопаркі ыңыршағы айналған мәстекке толы. Finprom сарапшыларының дерегінше, 2020 жылдың сәуірінде елімізде тіркелген жеңіл автокөлік саны 3,9 миллионды құраған екен. Сөйтіп, былтырдан бері 0,2%-ға кеміпті. Оның 94,6%-ы жеке тұлғалар меншігінде. Бұл ретте азаматтардың қолындағы темір тұлпарлар саны 2019 жылдан бері 0,7%-ға, 3 миллион 718,7 мыңға дейін азайды. Заңды тұлғаларға, соның ішінде мемлекеттік мекемелерге 213,7 мың жеңіл көлік тиесілі. Оның саны 8,2%-ға көбейген.

Кейде үлкен қаладағы көшелерге көз салсаңыз, Қазақстанда жыл өткен сайын автомобильдер саны еселеп өсіп бара жатқандай көрінеді. Бірақ, шынында олай емес. Статистика комитетінің дерегінше, 2016 жылы жеке тұлғалар еншісінде – 3 млн 643,1 мың, заңды тұлғалар меншігінде – 212,9 мың, 2017 жылы тиісінше 3 млн 635,2 мың және 210,1 мың, 2018 жылы 3 млн 625,5 мың және 212,4 мың, 2019 жылы 3 млн 744,6 мың және 197,6 мың көлік болған. Көріп отырғаныңыздай, жыл санап көбейгені шамалы.

Бензинмен «қоректенетін» жеңіл автокөліктер үлесі бір жыл ішінде 87,2%-дан 88,9%-ға дейін ұлғайды. Бұл – 3,5 млн авто деген сөз. Дизельмен жүретіндерінің үлесі 2,1%-тен 1,9%-ға дейін, араласы 8,7%-дан 7,4%-ға дейін азайды. 0,1%-ында ғана газ баллон орнатылған. Электрлі қозғалтқышы барларының үлесі бар-жоғы – 0,02%. Екі көрсеткіш те 2019 жылғы деңгейде қалды.

Шыққан жылына қарай ажы­ратсақ, «жасы» 10 жылдан асып кеткенінің саны басым: үлесі бір жылда ғана 63,5%-дан 65%-ға дейін қарқынды түрде артты. Осыдан төрт жыл бұрын, 2016 жылы мерзімі 10 жылдан артқан жеңіл автокөлік үлесі тек 58,2% болатын.

Зауыттан шыққанына 3 жыл толмаған жаңа көліктер үлесі небәрі 11% болды. 3-тен 7 жыл аралығындағылар 15,9%-дан 15,2%-ға дейін, 7-ден 10 жыл ара­лығындағысы 7,6%-дан 6,7%-ға дейін кеміді.

Қалай болғанда да, қолданылу мерзімі 10 жылдан жоғары авто­мобильдердің саны бір жылда 2,1%-ға ұлғайып, жалпы саны 2,6 миллионға жетіп отыр. Жүргізу­шілер «бұранда толы шелек» деп атайтын бұлардың әрқайсысы жол қозғалысы қауіпсіздігіне залал келтіруі, өз иесіне, өзге көліктерге және жүргіншілерге қауіп төндіруі мүмкін.

Көне машиналар саны бойынша Алматы облысы көш бастап келеді: жалпы саны – 395,6 мың. Одан Алматы қалыспайды: 250,4 мың. Үштікті ШҚО тұйықтайды: 217,3 мың.

Бұл – ескірген көліктердің саны бойынша рейтинг. Ал көнесінің үлесіне қарай қарасақ, онда да Алматы облысы алдына қара сал­майды: он көліктің 8-і ескі. Одан кейін Жамбыл (78,9%-ы ескі) және Павлодар (78,2%) облыстары тұр. Тек Атырау облысындағы 39,8 мың көліктің 35,9%-ы, Нұр-Сұлтандағы 115,9 мың көліктің 42,5%-ы, Маңғыстау облысының 69,5 мың көлігінің 50,6%, Алматы қаласындағы 250,4 мың көліктің 52,7%, БҚО-дағы 62,9 мыңның 54,9%, Ақтөбе облысындағы 79,2 мыңның 55,3%-ы ескі көліктер. Қалған 11 өңірде ескі көліктердің үлесі 60-70 пайыздан артып барады.

 

Заңдастырылған 20 күнгі сергелдең

«ӨКМ операторы» деп ата­ла­­тын жеке компания моно­полияландырып алған утилиза­циялық алым азаматтардың жаңа көлік алуына үлкен кедергі болып тұр. Бұл алым 2016 жылы отандық қос автозауытты сыртқы бәсекеден қорғау үшін енгізілді. Себебі «Сарыарқаавтоөнеркәсіп» пен «АзияАвто» құрастырған, құны қымбаттау көліктерді сатып алғандар ғана кәдеге жарату алымын (КЖА) төлемейді. Ал шетелден әкелген тіпті су-жаңа көлік үшін де оны төлеу – міндет.

Алым көлемі көліктің түріне және қозғалтқышы көлеміне қарай әртүрлі болып келеді. Сондай-ақ ол айлық есептік көрсеткішке байланысты болғандықтан, жыл сайын өседі. Мәселен, 2020 жылғы 1 сәуірде АЕК 2 мың 778 теңгеге дейін қымбаттады. КЖА-ның базалық ставкасы АЕК-тің 50 еселенген көлеміне тең. Демек, базалық мөлшерлемесі биыл 138 мың 900 теңге болды (50 х 2 778).

1 001-ден 2 000 текше санти­метрге дейінгі қозғалтқышы бар жеңіл көліктер үшін осы базалық ставка 7 коэффициентіне көбейтіледі: сәйкесінше, 972 мың 300 теңгені құрайды (138 900 х 7).

2 001-ден 3 000 текше см үшін 10 коэффициентіне көбейтіледі: яғни, 1 млн 389 мың теңге алым алынады.

3 001 текше см қозғалтқышына ие, жол талғамайтын көліктер үшін 23 коэффициенті қолданылып, 3 млн 194,7 мың теңге КЖА та­лап етіледі. Онсыз да дағдарыс пен де­вальвациядан тұрмысы нашар­лаған қазақстандықтар шетелден арзан көлік сатып ала алғанымен, елде миллиондаған теңге алымды төлеуге қауқарсыз болып шығады. Оны жинаймын дегенше, алым көлемі өсе береді. Тіпті, төлеуге келіскендерінің өзін «ӨКМ опера­тор» сергелдеңге салатын көрінеді.

«Биылғы 19 мамырда Ravon Р3 автокөлігін сатып алдым. Оны 22 мамырда тіркетейін десем, КЖА төленбеген дейді. Өтініш 18 мамырда жіберілген болатын. Бірақ «РОП оператор» кесірінен төлем өтпеген. Мұны оператордың жауапсыздығы деп санаймын. Мен сияқты жағдайға тап болған, оның ісіне көңілі толмаған автомобиль иелері өте көп. Бұған автосалонда болғанда көз жеткіздім», – дейді Ерлан Дәулетов.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, Үкімет қаулысымен бекітілген Өндірушілердің кеңейтілген мін­деттемелері ережесіне сәйкес, алым сомасының дұрыс есептелгенін тексеру үшін операторға 20 жұмыс күні беріледі екен!

«Қазіргі кезде «ӨКМ опера­торы» ЖШС істі жеделдету үшін мемлекеттік деректер базаларымен, ақпараттық жүйелермен интегра­циялану бойынша жұмыс жүргізіп жатыр», – деді министр. Төрт жыл бойы соған мән бермегені таң­ғал­тады, әрине.

 

Елдос СЕНБАЙ

 

 

 
ID: 0
Тегтер: «Сарыарқаав­тоөнеркәсіп» зауытыавтомобильавтопарккөлік
Алдыңғы жаңалық

Биыл екпеден 1500-ға жуық адам бас тартқан

Келесі жаңалық

Каспий жағалауында жаңа форматтағы 5 жұлдызды қонақ үй есігін айқара ашады

Ұқсас жаңалықтар

бай мен кедей
Әлеумет

Бай мен кедейдің арасы алшақтап барады

Сәуір 23, 2021
бетперде, баға, қымбатшылық
Жаңалықтар

2 мамырдан бастап бетперде қымбаттауы мүмкін

Сәуір 23, 2021
Алматыдағы тоғайда сүйіктісін өлтірген тұрғын 10 жылға сотталды
Жаңалықтар

Алматыдағы тоғайда сүйіктісін өлтірген тұрғын 10 жылға сотталды

Сәуір 23, 2021
Абхаздың «темір тұлпарына» неге қызықтық?
Әлеумет

Абхаздың «темір тұлпарына» неге қызықтық?

Сәуір 23, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бай мен кедейдің арасы алшақтап барады

Сәуір 23, 08:00

2 мамырдан бастап бетперде қымбаттауы мүмкін

Сәуір 23, 07:56

Алматыдағы тоғайда сүйіктісін өлтірген тұрғын 10 жылға сотталды

Сәуір 23, 07:34

Абхаздың «темір тұлпарына» неге қызықтық?

Сәуір 23, 07:03

Бітімгерлік миссиялары: бейбітшілік – басты құндылық

Сәуір 23, 07:00

23 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Сәуір 23, 06:59

Таразда оқушыларға оқ атқан кім?

Сәуір 23, 06:45
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

бай мен кедей

Бай мен кедейдің арасы алшақтап барады

Сәуір 23, 2021
бетперде, баға, қымбатшылық

2 мамырдан бастап бетперде қымбаттауы мүмкін

Сәуір 23, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»