Алғыс арқалаған еріктілер
Алғыс арқалаған еріктілер
273
оқылды
Қа­зіргі күні еріктілік нақты істермен бе­кітілген патриотизмнің жоғары дең­гейінің көрінісіне айналды. Еліміздің қа­зіргі жағдайында адам өміріне ара­шашы мамандармен қатар алғы сап­тан көрініп, аз қамтылған тұрғындарға азық-түліктері мен дәрі-дәрмектерін үйлеріне дейін жеткізіп беріп, алғыс арқалған еріктілердің еңбегін Елбасы бағалады. Атырауда BizBirgemiz акциясына қа­тысушы волонтерлер марапатталды.  Атырау  об­лысының әкімі волонтерлерге Елбасының алғысхатын табыстады «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық фи­лиалының төрағасы Махамбет Досмұхам­бетовтің сөзінше, қиын-қыстау кезде Атырау об­лысы бойынша BizBirgemiz акциясы ая­сында 9 мыңнан  астам отбасыға 222 мил­лион теңгенің көмегі берілген. Атап айтқанда, жалғызбасты қарттарға, тұр­мысы төмен көпбалалы отбасыларға, ерек­ше қажеттіліктері бар азаматтар мен бас­қа да мұқтаж жандарға әлеуметтік пакет­тер  үлестіріліп, көмек көрсетілді. Оларды 300-ден аса партия белсенділері мен ерік­ті­лер жеткізіп  берді. Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаев­тың бастамасымен құрылған Birgemiz рес­пуб­ликалық қоғамдық қорынан Birgemiz – Atyrau аймақтық қоғамдық қорына 787 млн тең­ге қаражат түскен. Оны Атырау қаласы Жы­лыой, Мақат, Махамбет, Исатай аудан­дарының 7 санаты бойынша анықталған мұқ­таж 15 741 азаматқа 50 мың теңге мөл­шерінде тікелей аудару арқылы ақшалай кө­мек көрсетілген. Алдағы уақытта Құрманғазы, Қызылқоға жә­не Индер аудандарының мұқтаж 3 904 аза­матына 50 мың теңге мөлшерінде көмек көр­сету жоспарлануда. Сонымен қатар су тас­қынынан зардап шеккен Түркістан об­лысы  Мақтаарал ауданына Атырау облы­сы­нан 150 тонна азық-түлік, киім-кешек тиел­ген гуманитарлық көмек пен 20 тонна балық жө­нелтіліп, қосымша қаржылай көмек көр­сетілді. «Тікелей осы жұмыстардың басы-қа­сында жүріп, індеттің өршіп тұрғанына қара­мастан, өздеріңіздің бастарыңызды қауіп­ке тігіп, волонтерлық қызметтеріңізді адал орындап, мұқтаж жандарға көме­к­тес­кен­деріңіз үшін алғыс білдіремін», – деген ай­мақ басшысы М.Досмұхамбетов бір топ белсенділерге Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаевтың алғысхаттарын салтанатты түрде табыс етті. Төтенше жағдай кезінде Аты­рау облысында бірнеше волонтерлар то­бы мұқтаж отбасыларға азық-түлік тара­туға көмектескен болатын. Осы істердің ба­сында жүрген қоғам белсендісі Әмина Жәр­демқызы «Біздің Атырау волонтерлер шта­бы барлығы 7 339 061 теңге қор жинап, 2005 әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттерін таратқан болатын. Бүгін міне, штабтың бір топ волонтерлері, бел­сенділігіміз үшін Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың алғысхатымен мара­патталдық. Бұл – бізге деген сенім. Біз әрқа­шан ұлтымыздың амандығы үшін жұмы­ла қызмет ете беретін боламыз», – деп волонтерлер атынан сөз алып, белсенділігін арт­тырып, жұмыстарын жалғастыратынын айтты. Кеше Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев еліміздегі төтенше жағдай кезінде COVID-19 індетінің таралуын алдын алу мақсатында ұйымдастырылған респуб­лика­лық Birgemiz акциясына қатысып, белсен­ділік танытқан жастарды Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев­тың алғысхатымен марапаттады.  

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ Атырау облысы