Хрущевтың ұлы қайтыс болды
Хрущевтың ұлы қайтыс болды
©Сурет интернеттен алынды
173
оқылды
Ол АҚШ-қа 1991 жылдары көшіп кеткен. Сол жақта жергілікті университеттің шақыртуымен «соғыстың тарихы» жайында дәріс оқып беріп жүрген. Бұл жайында Никита Хрущевтің шөбересі Нина хабарлады.
Нинаның әкесі Сергей Хрущев 1935 жылы туған екен. Ол 1958 жылы Мәскеу энергетикалық институтын бітіріп, кейін Челомей конструкторлық бюросында жұмыс істеді. Марқұм онда баллистикалық зымырандарды жасаумен айналысты. 1963 жылға дейін ол техника ғылымдарының докторы, профессор, Социалистік Еңбек Ері және Лениндік сыйлықтың лауреаты атанды.
Әкесі Никита Хрущев КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметінен кеткен соң, Сергей Хрущев Электронды басқару машиналары институт директорының орынбасары, «Электронмаш» НПО бас директорының орынбасары болды.
Марқұмның анасы Нина Кухарчук әкесі Никита Хрущевпен 1924 жылдары жолыққан екен.