Бірінші байлық - денсаулық!
Бірінші байлық - денсаулық!
©Сурет интернеттен алынды
268
оқылды
 Өкінішке қарай, Елбасының коронавирус инфекциясына тапсырған соңғы тесті оң нәтиже көрсетті. Алайда алаңдауға еш негіз жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі таңда қашықтан жұмыс жасауда» деген ақпарат жарияланды.
Бүгінгі қазақ даласының бусанып, тауы асқақтап, теңізі тербеліп, дариясы тасып, орманы сыңсып, көңілі күй тартып тұруы Елбасымыздың ерен еңбегінің арқасы. Артында тарихи із қалдырған, өз өмірін елінің тағдырымен байланыстырып, заман жүгін көтеріп жүрген, туған халқының өкілдері үшін Қазақстанның тәуелсіз мемлекетін құрудың басында тұрған, осы жолдағы не қилы тар жол, тайғақ кешуді халқымен бірге өтіп, қиыншылықтарын бөліскен, содан аман алып шығып, бүгінгі әлем мойындап отырған жаңа мемлекетті қалыптастырған қадірлі Елбасымыз-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін шын жүректен тілейміз!
Құрметті, қазақ елі, барлық сақтық шараларын сақтаңыздар! Ең бірінші байлығымыз денсаулығымызға ден қойыңыздар!
Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұжымы