Жарылыс жұмыстары барысында екі шахтер қаза болды
Жарылыс жұмыстары барысында екі шахтер қаза болды
©Сурет интернеттен алынды
229
оқылды
Тағы біреуі ауруханаға жеткізілді. Оның жасы - 34-те. Әзірге жағдайы жақсы, денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
"Әзірге не болғаны белгісіз. Негізі бұл жерлерде жару жұмыстары жүргізілген.  Соның кесірінен 2 адам көз жұмды. Тағы бір қызметкеріміз жарақат алды. Осы жағдайдың егжей-тегжейін анықтау үшін арнайы комиссия құрылады. Нақты себеп-салдары анықтаған соң, не істеу керегін шешеміз" деді KAZ Minerals тобының корпоративтік қатынастар бөлімінің бастығы.
Ал қаза болған екі азаматтың артында кішкентай балалары қалды. Олардың отбасына KAZ Minerals компаниясының басшылығы материалдық көмек көрсетуге уәде берді.