Үкімет басшысы мен министрлер әдеттегідей кесте бойынша жұмысын жалғастыратын болды. Қазіргі уақытта Үкіметтің барлық отырыстары мен жиындары селекторлық режимде өтуде.
Премьер-Министр Асқар Мамин коронавирус инфекциясын диагностика хаттамасына сәйкес, талап етілген уақытқа дейін өзін-өзі оқшаулау режимде болды. COVID-19-ға қайталап өткізген тест нәтижесі теріс болып шықты.Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Садық Ақыжанов хабарлады.
Үкімет ғимаратында және министрліктер үйінде санитарлық режим мен қауіпсіздік шаралары күшейтілді, қызметкерлердің 80%-ы қашықтан жұмыс режиміне ауыстырылды.Сонымен қатар, өзін-өзі оқшаулау режиміндегі білім министрлері Асхат Аймағамбетов, ауылшаруашылығы министрі Сапархан Омаров, экология, геология және табиғи ресурстар жөніндегі Мағзұм Мырзағалиев осындай процедурадан өтті. Барлығының нәтижесі теріс шықты.