Биылғы жылдың ішінде азық-түліктің бағасы тұрақтамай, тоқтаусыз өсуде. Мысалы, кеспе өнімі - 15,2 пайызға өссе, түтік кеспе (рожки) - 16,8 пайызға, ал жұмыр кеспе (вермишель) 16,2 пайызға көтерілді.
Қазір түтік кеспенің бір келісі - 314,6 теңге, жұмыр кеспе - 318,1 теңге тұрады. Ол еліміздегі қалаларындағы орташа есеппен алынған түрі. Сондықтан бір жыл ішінде кеспе 8,6 пайызға қымбаттап, бір келісі 661 теңгеге шықты.Бұл өсім өткен жылмен салыстырғанда 47 пайызға көтерілген екен.