Медициналық мекемелер көбейіп жатыр
Медициналық мекемелер көбейіп жатыр
162
оқылды
Айта кетейік, орталық еліміздегі АИТВ жұқпасымен өмір сүретін 18 жасқа дейінгі балаларға, «В» және «С» созылмалы вирустық гепатиті бар балалар мен әйелдерге медициналық көмек көрсететін жалғыз ұйым. Мұнда балалар мен жасөс­пірімдерге тәулік бойы ста­ционарлық және амбу­латорлық көмек көрсетіледі.  Одан бөлек, орталықта АИТВ инфекциясы бар балаларға психологиялық көмек көрсетіліп, халық арас­ында салауатты өмір салтын қалыптастырып, аурудың алдын алуға септігін тигізеді. Үшінші мегополисте қалалық емханалардағы жүктемелерді азайту үшін «Менің емханам» атты  көпсалалы клиника ашылып жатыр. Осы медициналық меке­меде келешекте кардиолог, невролог, хирург, эндокринолог, ЛОР, офтальмолог сияқты мамандар көптеп тартылып, электрокардиография, ультра­­дыбыстық зерттеулер, флюоро­графия сияқты аспаптық зерт­теулер жүргізілетін болады деп жоспарлануда. Сондай-ақ скринингтік тексерулер мен мақсатты топтарды диспан­серлеуді, иммундауды, СӨС қалыптастыру мен насихаттауды, отбасын жоспарлауды, жүкті және балаларды патронаждауды, әлеуметтік-психологиялық кеңес беруді ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырмақ.  

Н. НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы