Димаш Латвия радиосын жаһанға танытты
Димаш Латвия радиосын жаһанға танытты
191
оқылды
Шетелдік ақпарат көз­де­ріне сүйенсек, Димаштың әні бе­рілгеннен кейін радионы бү­кіл әлем тыңдап, әншінің өнерін бағалаушылар редакцияға жылы лебізін жолдай бастаған. Димаштың Латвиядағы Dimash Latvia Dears фан-клубы бұл жаңалықты қуана қабылдап, өзге де радиолармен серіктестік орнатуды жоспарлап жатыр. Осыған дейін Димаш Құдайбергеннің әні Испания радиосынан да берілген болатын. Қазір қазақстандық әншінің әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері бел­сенді. Жуырда оның 5 елдегі өнерін бағалаушы жандар «Дайдидау» әнін орындап, видео жолдаған болатын. Ал қытайлық жанкүйерлері әншінің туған күніне орай шөл далаға 3 мың ағаш отырғызса, Эстонияның Таллин қала­сындағы тарихи саябақта оның құрметіне көшет отырғызылып, жанына естелік белгі орнатылды.  

Эльмира ОРАЛБАЙ