Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Владимир Путиннен жеделхат келді
Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Владимир Путиннен жеделхат келді
©Сурет интернеттен алынды
151
оқылды
Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннен жеделхат келіп түсті.
Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш Президентіне коронавирус жұқтыруына байланысты тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. ⠀ «Мен Сізге осы қиын сәтте қолдау білдіргім келеді. Сіздің ерекше өмірлік энергияңыз, сергектігіңіз бен оптимизміңіз қысқа мерзімде вирусты жеңуге көмектеседі деп сенемін. Шын жүректен Сіздің толық айығып кетуіңізді тілеймін. Деніңіз сау болсын», - делінген Ресей Федерациясы Президентінің жеделхатында.