Алматыда аяғы ауыр келіншек жол апатына түсіп, аман қалды (фото)
Алматыда аяғы ауыр келіншек жол апатына түсіп, аман қалды (фото)
©Сурет интернеттен алынды
Алматыда екі көліктің қатысуымен жол апаты болды. Авария Қарасай батыр мен Тілендиев көшелерінің қиылысында болған.  [caption id="attachment_52008" align="alignnone" width="1024"]апат ©Сурет интернеттен алынды[/caption]
Subaru Форесттің жүргізушісі Қарасай батырмен шығысқа қарай бара жатқан. Ал Kia Rio-дағы такси жүргізушісі Тлендиев көшесімен солтүстік бағытына жол ұстаған. Сол көше қиылысында Subaru Форесттің жүргізушісі екінші көлікке жол бермей өтіп кетпекші болған. Сөйтіп, таксист әлгі көліктің артына соғылған. Қатты соққыдан Subaru Форест көлігі бір аударылып, төбесімен түскен.
[caption id="attachment_52009" align="alignnone" width="956"]апат ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Ал соққан көліктің ішінде таксистпен бірге жүкті әйел де болған. Апатқа қатысушылардың барлығы тексеріліп, дін аман болып шықты. Олардың ешқайсыс ауруханаға жатқызылмады.