Еңбек вице-министрінен коронавирус табылды
Еңбек вице-министрінен коронавирус табылды
©Сурет интернеттен алынды
133
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Аукеновтен коронавирус табылды. Ол бұл жайында өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. "Қайырлы күн! Менде вирустың нәтижесі оң болып шықты. Енді оқшауланып, емделемін. Осы жағдайды басынан өткергендерден қандай күй кешкенін осыдан бірнеше күн бұрын сұрап, хабарласқан едім. Ал бүгін осы нәрсе өзіме де келді. Бұл дерт әркімге әр түрлі әсер етеді ғой. Өзім екі күн бойы дамылсыз вагондап картоп тиегендей болдым. Мұндай жағдайды өткергендер түсінер. Сақтық шараларын бәрін жасап-ақ жүрдім. Бірақ бұл дертті кімнен жұқтырып алғанымды білмеймін" - деп жазды ол.