Ипподромдағы жүйрік аттар анықталып жатыр
Ипподромдағы  жүйрік аттар анықталып жатыр
389
оқылды
Алматы ипподромында 100-ден аса таза қанды жылқылар сынақтан өтіп жатыр. Бәйгеден оза шабатын тұлпарларды анықтау үшін арнайы комиссия құрылған. Айта кететін жайт, мұндай шара елімізде 1996 жылдан кейін енді өтіп тұр.   Кеңес кезінде, яғни 30-жылдардан бастап ипподромдағы аттарды аттестациядан өткізіп тұру дәстүрге айналған. Мұны мамандар классикалық ат жарысы деп те атайды. Бұл жерде жүйрік жануармен қоса, аттың құлағында ойнайтын, жылқы табиғатын түсінетін жандар да бақ сынайды. Шараның ерекшелігі – шабандоздар мен бапкерлерге және төрешілерге арнайы атақ пен біліктілік  дәрежесі берілді. Классикалық ат жарысында 40-қа жуық жылқы жанашырлары осындай мәртебеге ие болып, қуанышқа кенелді. Соның бірі – 60 жастағы Турганжан Юлдашев. Атадан қалған асыл өнерді серік еткен ол сайыста «Шебер шабандоз» атанды. Бүгінде жастарды ат спортына баулып жүр. Оның ішінде өзінің ұлы да бар. Ат спортының жанашыры саладағы мәселелер жайлы ой бөлісті.       width= –Жылқылардың көбі шеттен әкелінген. Өзіміздікі аз. Бұрын спорт мектептері, секциялар болатын. Арнайы группа жиналып білім алатын. Қазір ондай жоқ. Жастар телефоннан көз алмайтын болды. Осы салаға көрсетіліп жатқан қолдауды одан әрі күшейтсек, ұлттық спортымыз жандана түсер еді, – дейді ол.  Ат жарысына ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор Қайрат Жәлелұлы, Бүкілодақтық дәрежедегі және Қазақстан Республикасы дәрежесіндегі төреші Галина Горшкова және Қазақстан Республикасы дәрежесіндегі төреші Надир Хасанов төрелік етті. Аталған шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, Зауыт жылқы тұқымдары бойынша Республикалық палатаның ұйымдастыруымен өтіп отыр. «Шара қазан айына дейін жалғасады. Айына екі рет өткізіледі. Бұл – ат спортын серік еткен жандарға көрсетілген үлкен қолдау», – комиссия төрағасы Қайрат Жәлелұлы.  width= width=                                                                                                                      Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ