Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Нұрлан Жанұзақұлы Алдамжаров Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды., - деп хабарлайды primeminister.kz. Нұрлан Жанұзақұлы Алдамжаров 1975 жылы 12 қыркүйекте Ташкент қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Ташкент инженерлік ирригация және механизация ауыл шаруашылығы институтын "инженер-гидротехник" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Түрлі жылдары мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарда еңбек еткен. 2008-2012 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жетекші маманы, бас маманы. 2012-2014 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басшының орынбасары. 2014-2015 жылдары - ОҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы. 2015-2016 жылдары - "Нұр Отан" партиясының орталық аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаментінің директоры, партиялық бақылау қызметінің басшысы. 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2018-2020 жылдары - Жамбыл облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.