Бурабай мен Зерендіге блокпосттар қойылады
Бурабай мен Зерендіге  блокпосттар қойылады
© Sputnik / Ирина Семибратова
182
оқылды
Ақмола облысының курорттары – Бурабай мен Зерендінің айналасына кешкі 18.00-ден бастап уақытша блокпосттар қойылады, деп хабарлайды Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Блокпосттар әзірге орнатылған жоқ. 18.00-де қоя бастайды. Курорттардың аумағына кіруге толығымен тыйым салынады", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Бұған дейін Бурабай, Қапшағай, Баянауыл және басқа да ірі курорттар демалыс күндері – 20-21 маусымда туристер үшін жабық болатыны хабарланды. Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осмындай шешім қабылдаған. Ақмола облысы туризм индустриясы және демалыс қауымдастығының төрағасы Шынарбек Батырхановтың айтуынша, қонақ үйлер мен шипажайлардан алдын ала орын алып қойғандардың ақшасы қайтарылады. Сондай-ақ  оларға броньды кейінге, қолайлы уақытқа ауыстыру ұсынылады. Ал қазір курортта демалып жатқан туристерді ешкім қуып шықпайды.