Майк Помпео Елбасының коронавирус дертінен тез сауығып кетуін тіледі
Майк Помпео Елбасының коронавирус дертінен тез сауығып кетуін тіледі
163
оқылды
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа коронавирус дертінен тез жазылып кетуін тіледі. «Мен Қазақстанның тұңғыш президентіне Covid-19 ауруынан айығуын тілеймін. Біздің елдеріміз қазір қиын кезеңді бастан кешіруде. Бұл ауруды бірлесе жеңеміз деп сенемін. Тез сауығып кетіңіз және aman bolynyz (осы тіркестің орфографиясы сақталған)», – деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында. Еске сала кетсек, 18 маусымда Елбасының коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Дегенмен ол оқшауланып, жұмысын қашықтан атқарып жатыр.