Кемелбек Ойшыбаев Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
Кемелбек Ойшыбаев Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
126
оқылды
Қазақстан Үкіметінің Қаулысымен Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлады primeminister.kz. Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев 1977 жылы 13 шілдеде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «журналист» мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ Geneva Business School-де (Швейцария) MBA бағдарламасын оқыған. Еңбек жолын 2000 жылы «Интерфакс-Қазақстан» АА» ЖШС тілшісі болып бастаған. 2001 жылдан 2007 жылға дейін «Қазақтелеком» АҚ құрылымында басшылық лауазымдарда еңбек еткен. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді. 2014-2016 жылдары — «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС бас директорының орынбасары, бірінші орынбасары. 2016 жылы — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры. 2016-2017 жылдары — «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы. 2019 жылғы маусым айынан бастап қазіргі таңға дейін «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.