Ермұхамет Ертісбаев Елбасының коронавирустан сауығып кететініне сенім білдірді
Ермұхамет Ертісбаев Елбасының коронавирустан сауығып кететініне сенім білдірді
© сурет әлеуметтік желіден алынды
Белгілі саясаткер, қоғам белсендісі Ермұхамет Ертісбаев Елбасының коронавирустан сауығып кететініне сенім білдірді. "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының сауығып кетуін тілеп, оның өмірі жеңістен тұратынын айтты.  Тауып айтты.  Өйткені, Тұңғыш Президентіміз өз жолында үнемі айтарлықтай кедергілерге тап болып отырды. Басқа біреу болса, қолын бір сілтер еді. Елбасы алға жүруден жалықпады. Ал енді коронавирусқа шалдықты. Мен бұл індетті Елбасы жеңіп шығатынына күмін келтірмеймін.  Шындығын айтқанда, ол бұдан да ауыр кезеңдерді бастан өткерді", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында. Оның айтуынша, Эрдоған, Путин, Мирзеёев секілді тұлғалардан Елбасының саулығын тілеген жеделхаттар келіп жатыр. Қазақстанның бүкіл өңірінен қарапайым азаматтар да денсаулық тілеп, хат жазуда. Бұл жай сөздер емес. Көпшілік Тұңғыш Президенттің  денсаулығына алаңдаулы.   "Мен Нұрсұлтан Әбішұлындай рухы мықты адамды көрген емеспін. Сауыққан соң іске асыратын жоспар құрып жатқанына сенімдімін. Мен де Елбасына денсаулық тілеймін. Тезірек сауығып кетсін, алда мерейтойы келе жатыр", - деп аяқтады ақ тілегін Ертісбаев.