Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Бетперде тапшылығы туындай ма?

Елордада бет­пер­де саудасы қай­та шектелді.

«Айқын» ақпарат
Маусым 20, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан
betperde
48
қаралым

Бү­гінде көптеген ірі дә­рі­хана же­лісі бір қолға 20-дан ар­тығын сат­пай жатыр. Өзге өңір­лерде медици­налық маска сау­дадан мүл­дем жо­­ғалып кетіпті. Сон­да панде­мия өр­­шіген төрт ай ішін­де қара­па­йым қор­ғану құрал­да­рының өндірісі сол бойы жолға қойыл­маған ба?

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанда медициналық бетперде шығаратын 4 жаңа кәсіпорын жыл соңы­на дейін іске қосылатынын мәлімдеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, еліміздің бетперде бойынша 6 айға деген қажеттілігі – 111,2 миллион дана. Рас, өткен кезеңде көптеген адам маска киюге мән бермегені мәлім. Дегенмен коронавирустың өлім-жітім көрсеткіші күрт өскендіктен бұрын мұндай дерттің барына күмән білдіріп жүрген адамдар да бетін бүркемелеуге ден қоя бастады. Тиісінше, енді сұраныс күрт артуда.

Дәріханадағы дау

Пандемия сайлауды қалай өзгертті?

Атырауда карантиндік шектеу шаралары қайта күшейтілді

– Бүгінде осы салада 9 отандық кәсіп­орын бар, олардың қуаты тәулігіне 490 мың медициналық бетперде жасауға жетеді. Өн­діріс көлемін ұлғайту мақсатында осы жыл­дың соңына дейін 4 жаңа кәсіпорын ашуды жоспарлап отырмыз, – деді Б.Атамқұлов.

Оның айтуынша, егер осы жобалар қолданысқа берілсе, онда қолданыстағы кәсіпорындармен бірге тәулігіне 1,1 миллион дана бетперде жасай алады.

Әрине, бір реттік қорғаныш құ­ралы нарықтың сұранысын толық қана­ғаттандыруға жетпейді. Сондықтан мем­лекет жуып, қайта киюге болатын көп реттік маскалар өндірісіне де ба­са көңіл бөлетін болады. Ресми статис­тика бойынша Қазақстан жар­ты жыл ішінде 144 млн дана көп реттік бет­перде тұтынады. Алайда кәсіпорын­дар тәулік сайын оның тек 413 мыңын өндіре алады.

«Халықты қажетті бетперде көле­мі­мен қамтамасыз ету үшін біз тігін кә­сіп­орын­дарында көп мәрте қолданылатын профилактикалық, қорғау маскаларының өндіріс көлемін тәулігіне 800 мың данаға дейін ұлғайтуды қарастырудамыз», – деді министр.

Үкімет тапсырмасымен жергілікті әкімдіктер өздеріндегі тігін кәсіпорын­дарымен келісім жасап, көп мәрте қол­данылатын бетперденің үлкен қорын құру жұмысына кірісіпті.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың 2020 жылғы 22 мамырдағы қаулысына сәйкес, тамақ, киім-кешек, азық-түліктік емес тауарлар сататын сауда орындарында, «Қазпошта» бөлімшелерінде, вокзалдарда, әуежайларда, фитнес залдарда, қоғамдық тамақтану нысандарында және басқасында кассирлер, жүргізушілер, сатушылар, аспаздар, даяшылар және келушілермен араласатын өзге де қызметкерлер бетперде сыртында, кемінде 2 рет ауыстырылатын қолғап киіп қана халыққа қызмет көрсетуі тиіс.

Медициналық қолғаптарға қажеттілік 83,7 миллион жұпты құрайды. Қазіргі уақытта елімізде 2 кәсіпорын тәулігіне осы өнімнің 330 мың жұбын жасайды. Алда өндіріс көлемін тәулігіне 460 мың жұпқа дейін арттыру жоспарланыпты.

 

Айхан ШӘРІП

 

 

 
Тегтер: бетпердедәріханамаска
Алдыңғы жаңалық

Коронавирус мансап таңдамайды

Келесі жаңалық

Еріктілердің еңбегі ескерілді

Ұқсас жаңалықтар

Әлия Әбсеметова
Жаңалықтар

Әлия Әбсеметова: Халықты толғандыратын мәселені шешуге атсалысамын

Қаңтар 23, 2021
Қостанай
Жаңалықтар

Қостанай облысында көліктердің қозғалысына шектеу қойылды

Қаңтар 23, 2021
Жұмағұлов
Жаңалықтар

Жұмағұлов – Альбази жекпе-жегінің уақыты өзгерді

Қаңтар 23, 2021
Нұр-Сұлтан
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін жастарға 350 пәтер берілді

Қаңтар 23, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлия Әбсеметова: Халықты толғандыратын мәселені шешуге атсалысамын

Қаңтар 23, 22:13

Қостанай облысында көліктердің қозғалысына шектеу қойылды

Қаңтар 23, 21:48

Жұмағұлов – Альбази жекпе-жегінің уақыты өзгерді

Қаңтар 23, 21:20

Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін жастарға 350 пәтер берілді

Қаңтар 23, 20:50

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағын неге жұмсайтыны белгілі болды

Қаңтар 23, 20:24

Садриддин Ахмедов Геннадий Головкиннің биігіне жете алады – ESPN сарапшысы

Қаңтар 23, 20:06

Түркістан облысында қатты бораннан республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Қаңтар 23, 19:44
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Әлия Әбсеметова

Әлия Әбсеметова: Халықты толғандыратын мәселені шешуге атсалысамын

Қаңтар 23, 2021
Қостанай

Қостанай облысында көліктердің қозғалысына шектеу қойылды

Қаңтар 23, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»