Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет AMANAT

Түркістандық жастар марапатталды

«Айқын» ақпарат «Айқын» ақпарат
Маусым 20, 2020
Түркістандық жастар марапатталды 1
90
қаралым

Марапатты об­лыс әкімі, «Nur Otan» пар­тиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмір­зақ Шөкеев табыс етті.

Ол марапаттау барысында облыс тұрғындарын Түркістан облысының құрылғанына 2 жыл толуымен құттықтады.

– Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың бастамасымен «Nur Otan» партиясының үйлестіруімен елі­мізде BizBirgemiz акциясы қолға алынды. Акция Түркістан облы­сында жоғары деңгейде өтіп жа­тыр. Игі істі жүзеге асыруда ерікті жастарымыз елге көмектесті. Ка­­рантинде де жұмыс істедіңіздер. Еңбектеріңізді Елбасы бағалап отыр. Отаншыл, мемлекетшіл азаматтар өздеріңіздей жалынды жастардың арасынан шығады, – деп атап өткен өңір басшысы жас­тардың елге деген жанашыр­лығын жоғары бағалады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жо­март Тоқаев 2020 жылды «Ерік­тілер жылы» деп жариялаған болатын. Өңірдегі еріктілер се­німді ақтап жүр. Осы орайда BizBirgemiz акциясын жүзеге асыруға көмектескен Түркістан облысы «Jas Otan» Жастар қанатының 138 еріктісі де Елбасының алғысха­тымен марапатталды. Салтанатты шарада облыстық «Жастар ре­сурстық» орталығының директо­ры Амалбек Өміртай өңір бас­шы­сына жастар атынан волон­тер­лердің бас киімін тапсырды. Облыстағы 40 мыңнан астам әлеу­меттік аз қамтылған отба­сы­ларға көмекті үлестіруге 600-ден астам қоғам белсендісі, еріктілер атсалысты.

COVID-19 дертіне қарсы кү­ресті күшейту және мұқтаж отба­сыларға көмектесу мақсатында Елбасы бастамасымен Birgemiz республикалық қоры құрылды. Бұл қорға «Nur Otan» партиясы мен Тұңғыш Президент қоры, депутаттар, меценаттар, кәсіп­кер­лер қаржы бөлді. Белсенді аза­маттардың қолдауының арқа­сын­да еліміздің барлық аймағындағы жалғызбасты қарттарға, көп­балалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға және өзге де азамат­тарға көмек көрсетілді.

Аталған қор арқылы 470 мың­нан астам отбасына 50 мың тең­геден аударылған. Түркістан об­лысында 40 мыңнан астам отба­сыға азық-түлік берілсе, Түркістан мен Кентау қаласындағы 17 мың­нан астам отбасы 50 мың теңгеден алды. BizBirgemiz акциясы ар­қылы жәрдем көрсету белсенділігі мен отбасыларды қамту көрсет­кіші бойынша «Nur Otan» партия­сының Түркістан облыстық фи­лиа­лы республикада екінші орын­ды иемденіп отыр.

«Jas Otan» Жастар қанаты бүкіл ел бойынша 5 мыңнан астам во­лон­терді жұмылдырып, 268 мың­дай отбасыға азық-түлік се­бет­те­рін, бетперде мен ең қажетті зат­тар­ды жеткізіп берді. 100 мың отба­сыға 5 миллион тегін бетперде үлестірілді.

Бүгінде Birgemiz қоры есеб­і­нен Мақтаарал ауданындағы то­пан судан зардап шеккен Достық ауылының тұрғындары үшін 20 жаңа үйлер құрылысы жүргізіліп жатыр. Оған 340 млн теңге бө­лінді. Жалпы, төтенше жағдайдың алғашқы күнінен бастап партия­лықтар еліміздің барлық өңірінен Түркістан облысына азық-түлік, киім-кешек, құрылыс материал­дары мен жеке гигиена құралда­рын жіберді.

Түркістан облысында төтенше жағдайға байланысты «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қо­ры жұмыс істеп тұр. Мұқтаж жан­дарды қолдауға бағытталған BizBirgemiz акциясына партия филиалдары, аудан, қала әкімдері, жасотандықтар, партия фракция­сының мүшелері, ерікті жастар және кәсіпкерлер мен депутаттар да атсалысты.

 

Тельман БЕЙСЕН

 

 

Тегтер: алғысхатерікті жастармарапатТүркістан

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Халықтың айтары қалыс қалмайды

Тоқаев Бішкекте Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты

Ресейден Қазақстанға 200-ден астам кәсіпкер келді: Тоқаев тапсырма берді

Президент Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

Түркістан облысында сыныптастар 3 баласы бар жесір әйелге 4 бөлмелі үй алып берді

Қарағандыда полицейлердің бір топ адамды ұстау сәтінен видео тарады

«Қаржыны игерумен жұмыс бітпейді»: Мәулен Әшімбаев халықтың табысын арттырудың жаңа тәсілдері туралы айтты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»