Коронавирус мансап таңдамайды
Коронавирус мансап таңдамайды
Олар­дың арасында билік басындағы белгілі тұлғалар да бар. Шенеуніктердің коронавирус жұқтыру қаупі жоғары екені түсінікті де. Өйткені олар қызмет бабымен көпшілік ортаға жиі шығады. Әрі-беріден соң COVID-19 адам таңдамайды, ман­са­бына да қарамайды. Оның мысалы, әлемде мүйізі қарағайдай саясаткерлерден де коронавирус анықталды, бүгіндері олар жазылып, жұмысын істеп жатыр. Мысалы, наурыз айының соңын­да Ұлыбритания премьер-ми­нистрі Борис Джонсонның ко­ронавирус жұқтырғаны бел­гілі болды. Бұл ақпарат әлемді дүр сілкіндірді және үркітті. Ен­ді ше, билік басындағы Борис Джон­сон сақтана алмаған соң... ко­ронавирус инфекциясының қаупі жиі айтыла бастаған нау­рызда британ басшысы ұзақ уа­қыт төсек тартып қалардай кө­­рінді. Алайда ол бір апта өт­кен­де ауруханадан шығып, өмі­рін сақтап қалған дәрігерлер қауы­мына алғысын айтты. Көп ұза­май қызметін жалғастырып кет­ті. Ал сәуір айының соңында Ре­сей үкіметінің жетекшісі Ми­хаил Мишустиннің коронавирус жұқ­тырғаны жария болды. Бұл туралы өзі Ресей президенті В.Пу­тинге бейнебайланыс ар­қы­лы хабарлады. Бірден ауруха­н­аға жатып, ем алды. 7 мамырда үкімет отырысына бейнебай­ла­ныс арқылы қатысты. 19 мамыр­да ауруханадан шықты. Коронавирус жұқтырғандар қа­тарын Армения премьер-ми­нистрі Никол Пашинян және оның отбасы, Франция мәде­ниет министрі Франк Риестер, аме­рикалық конгрессмен Ма­рио Диас-Баларт, Израиль ден­сау­лық сақтау министрі және «Агудат Исраэль» партиясының тө­рағасы Яаков Лицман, Гон­ду­рас президенті Хуан Орландо Эр­нандес пен оның зайыбы то­­лықтырды. Бұған дейін елімізде Мәжіліс спи­кері Нұрлан Нығматулин, Мә­жіліс депутаты Бекболат Тілеу­хан, Премьер-Министрдің орын­басары Ералы Тоғжанов, Ден­саулық сақтау министрі Ел­жан Біртанов, Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Павлодар облысы әкімінің орын­басары Асхат Оралов, Те­мір­тау қаласының әкімі Ғалым Әшімов коронавирус инфек­ция­сын жұқтырған еді. Ал кеше Ең­бек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукеновтен де коронавирус та­былды. Коронавирус жұқтырған­дар­мен байланыста болған Пре­мьер-Министр Асқар Мамин, Бі­лім министрі Асхат Айма­ғам­бе­тов, Ауыл шаруашылығы ми­нистрі Сапархан Омаров, Эко­логия, геология және табиғи ре­сурстар министрі Мағзұм Мыр­­зағалиев оқшаулау ре­жи­мін­де болды. Күні кеше COVID-19-ға қайталап өткізген тест нәтижесі теріс шығып, олар әдет­тегі кесте бойынша жұмы­сын жалғастырып жатыр. Адам таңдамайтын ауру елі­міз­дің Тұңғыш Президенті – Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаевтан да анықталды. Бұл жөнінде Ел­басы­ның баспасөз хатшысы Ай­дос Үкібай өзінің Twitter па­рақ­­шасында хабарлады. «Өкінішке қарай, Елбасы­ның коронавирус инфекция­сына тапсырған соңғы сына­ма­сы оң нәтиже көрсетті. Алайда алаңдауға негіз жоқ. Қазіргі кез­де Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті өзін-өзі оқшаулады. Нұр­сұлтан Назарбаев қашықтан жұ­мыс істеуді жалғастырып жа­тыр» деп жазды. Коронавирустан ешкім сақ­тандырылмағанын дәрігерлер ай­тып-ақ жатыр. Сақтық шара­ларын ұстану аса маңызды. Ко­ро­навирус анықталған күннің өзін­де тиісті талапты орындау дерт­­­ті жеңуді жеделдетеді. Әлем­­­дік саясаткерлердің ем­де­ліп, қызметіне кірісіп, халықты тәж­­тажалдан арашалап алу жо­лындағы күресі сөзіміздің дәле­лі. Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы да таяу күнде ор­тамызға оралып, қызметін жал­­ғастырады деп сенеміз.  

Айдана БЕГІМ