Қарағандыда өзен қара түске боялып, жайылым ластанды
Қарағандыда өзен қара түске боялып, жайылым ластанды
164
оқылды
Қарағанды облысында өзеннің қара түске боялуына қатысты «KAZ Феррит» ЖШС түсінік берді. Бұл жөнінде ҚР Эколгия, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады. Қарағанды облысындағы Курьяновский кентінің тұрғындары облыстық экология департаментіне шағымданды. Ауыл халқы «KAZ Феррит» ЖШС жердің рельефіне ластанған қара суды үнемі төгетінін айтып хат жазған. Салдарынан ол Веснянка өзеніне және топыраққа өтеді, сөйтіп өзен ағысынан төмен жайылымдарды ластайды. «Осы факт бойынша Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің қызметкерлері ауылға барып, суда ластаушы заттардың бар-жоғын анықтау үшін су сынамасын іріктеп алды. Сондай-ақ топырақ сынамасын алды. Қазіргі уақытта талдаулармен жұмыс жүргізіліп жатыр. Нәтижелері қосымша хабарланады» деп мәлім етті министрліктен. Сонымен қатар, қазіргі уақытта «KAZ Феррит» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеріс ұйымдастыру мәселесі қаралып жатыр.