20 маусымнан бастап Қазақстаннан Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен қайтадан ашылады, - деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті. 17 маусымда комитет ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын және эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 2020 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстаннан Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен қайта ашылатынын хабарлаған болатын.
Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін халықаралық бағыттарға, атап айтқанда кестеде көрсетілген бағыттар бойынша (Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Таиланд және Грузия бағыттары бойынша) әуе билеттері сатыла бастады. Сонымен бірге, Қытайда шектеу шараларының енгізілуіне байланысты қазақстандық және шетел әуе компанияларының кестесі қарастырылып жатыр. Рейстер Қазақстан және шетелдердің санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда орындалады.