Өткен жылы қыркүйекте Бауыржан Байбектің Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында дәрігерлер жергілікті онкодиспансерде операциялық-реанимациялық блок салу қажет екені туралы мәселе көтерді. Жылына 12 мың пациент қаралатын онкологиялық ауруханада күрделі операциялар жасайтын заманауи жабдықтармен жабдықталған бөлімше жетіспейді.
Бауыржан Байбек қарағандылық дәрігерлерге «Nur Otan» аталған жобаны қаржыландыруға қол жеткізеді» деген еді. Сондай-ақ Төрағаның Бірінші орынбасары бас партия құрылысқа да, көрсетілетін қызметтердің сапасына да бақылауды ұйымдастыратынын атап өткен болатын.
– Бүгінгі таңда науқастарды жаңа технологиялармен емдеу үшін лайықты алаңдар жетіспейді. Бізге жоғары технологиялық бөлімше, реанимация қажет. Бұл Қарағанды облысының медицинасын, соның ішінде онкологиясын одан әрі жетілдіруге мүмкіндік берер еді. Қарағандыға жұмыс сапары кезінде Бауыржан Байбек мәселелерді шешуге уәде берді, – дейді «Облыстық онкологиялық диспансер» КММ директоры Мұратбек Жұмақаев.
Облыстық онкологиялық диспансерде жыл сайын еліміздің 6 аймағынан 12 мыңнан астам адам ем қабылдайды. Алайда жаңа жабдықтардың тапшылығы барлық науқастарды қамтуға мүмкіндік бермейтін. Осыған дейін операциялық блокта жылына 4,5 мың адамға ота жасалды. Егер жаңа блок бой көтерсе, операциялардың саны жылына 20 мыңға дейін артпақ. Яғни, партияның қолдауымен салынған жаңа операциялық блок қаншама адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік бермек.
– Біздің аурухананың зертханасында Қазақстанның басқа ешбір қаласында жасалмайтын жоғары сапалы генетикалық тексерулер жүргізіледі. Алдын ала тексерулер нәтижесінде аурулардың бастапқы белгілерін, организмдегі өзгерістерді асқан дәлдікпен анықтаймыз. Заманауи технологияның алдында қадам басып келеміз. Бізге Қазақстанның барлық елді мекенінен емделушілер келіп ем қабылдайды, – дейді Иммуногистохимиялық, молекулярлық-генетикалық және патоморфологиялық зерттеулер референс орталығының меңгерушісі Владимир Перминов.
Аурухана аумағында операциялық-реанимациялық блок салынып жатыр. Жобаны қаржыландыруға «Nur Otan» партиясы арқылы қол жеткізді. Еліміздегі ең ірі онкологиялық орталық 360 орынға есептелген. Мамандардың айтуынша, жаңа блок операция санын 5 есеге арттыруға мүмкіндік береді, ал пациенттердің күту уақыты керісінше 10-нан 1 күнге дейін қысқарады.
– Жыл сайын әлемде онкологиялық аурулардан 10 миллионға дейін адам көз жұмады. Қазақстанда бұл сан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, шамамен 15 мыңды құрайды. Бұл ауыр дертке шалдыққан қаншама мың тағдырлар, жақындары мен туысқандарынан айырылған жандардың көз жасы. Сондықтан бізге заманауи медициналық технологияларды енгізу, кадрлар даярлау, тиісті инфрақұрылым құру қажет. Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімді төмендетуге болады, ол үшін ерте кезеңде емдеуге мүмкіндік жасау керек. «Nur Otan» осы жобаны қаржыландыруға қол жеткізетін болады. Сонымен қатар партия тарапынан құрылысқа, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық және партиялық бақылау ұйымдастырылады, – деп атап өткен болатын Бауыржан Байбек.
«Nur Otan» партиясы бақылауға алған мәселенің барысы қалай орындалып жатқанын бақылау мақсатында бүгін партияның Қарағанды облыстық филиалы жанындағы ҚКП мониторинг тобы тексеріспен шықты. 2020 жылғы 17 сәуірде блокты салуға байқау жарияланды, қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүргізілуде, олар өткізілгеннен кейін құрылыс басталады. Құрылыс 2021 жылдың желтоқсанында аяқталады. Биыл бұл жобаға 885 млн теңге жұмсалмақ.
– Партияның Қарағанды облыстық филиалы операциялық-реанимациялық блок құрылысының ЖСҚ әзірлеу бойынша мемлекеттік сараптама жүргізуді бақылауға алды. 13 наурызда жұмыс жобасының ЖСҚ бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазақстан Үкіметінің биылғы 9 сәуірдегі № 187 «2020 жылға нақтыланған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру туралы» Қаулысына сәйкес Қарағанды қаласының Облыстық онкологиялық диспансерінің операциялық-реанимациялық блогының құрылысын бастауға арналған мақсатты трансферт жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жалпы сомасы 5,6 млрд теңге бөлінді, – дейді ҚКП мониторинг тобының төрағасы Болат Базарбаев.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде 176 мың науқас онкологиялық дертпен ауырады. Қауіпті дерт бойынша өнеркәсіптік өңірлер – Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр. Бірінші орында сүт безі обыры, содан кейін өкпе обыры мен асқазан обыры кең таралған.
«Nur Otan» партиясы «Құтты мекен» ұлттық жобасы аясында Қарағанды облысындағы онкологиялық диспансердің жанындағы операциялық-реанимациялық блокты салу мәселесін жіті бақылауда ұстап отыр.