«Абай» жобасына қол қойды
«Абай» жобасына қол қойды

Кездесу барысында үш тарап Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Абай» теңіз учаскесін бірлесіп игеру шеңберінде көмірсутектерді барлау мен өндіру құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойды.

Келіссөздердің нәтижесі бойынша тараптар Қазақстан пайдасына қол қою бонусын төлеу (Жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшарт жасалатын аумақта жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығы үшiн бiржолғы тiркелген төлемСалық кодексі) және жер қойнауын пайдаланушының жергілікті қамту үлесі бойынша міндеттемелері туралы келісті.

Ынтымақтастықтың келесі кезеңі «Абай» учаскесінде көмірсутек шикізатын барлау және өндіру жұмыстарына келісімшарт жасасу болады.

Биыл наурызда «ҚазМұнайГаз» бен «Эни» компаниясы «Абай» учаскесі жөніндегі жобаны бірлесіп іске асыру шеңберінде Бірлескен қызмет туралы және Қаржыландыру туралы келісімге қол қойған болатын.