Белсенді жастарға мың алғыс
Белсенді жастарға мың алғыс
321
оқылды
Саланатты шара барысында аймақ басшысы Е.Маржықпаев «Jas Otan» Жастар қанатының во­лонтерлері облыс бойынша бар­лығы 11,5 мыңнан астам отбасыға азық-түлік, бетперде және әлеу­меттік маңызы бар тауарларды жеткізгенін атап өтті. Партия көшбасшысы қазақстандық во­лон­терлерге алғыс ретінде алғыс­хаттарға өз қолтаңбасын қойған.
– Волонтерлер қозғалысын­да белсенділік танытқан ақмо­лалық 27 жас Елбасының алғыс­хатымен марапатталды. Қайы­рымды іспен айналысатын ақ­мо­лалықтардың географиясы үл­кен, облыстың бар­­лық аума­ғын қамтиды, – деп жаз­ды әкім­діктің баспасөз қызметі.
Ақмола облысы бойынша бар­лығы 11,5 мыңнан астам отбасыға 170 миллион теңге көлемінде кө­мек көрсетілді. Пандемия кезін­де әлеуметтік жағынан аз қамтылған және өмірде қиын жағдайға тап болған 17 225 азамат жалпы сома­сы 861 250 000 теңгенің көмегін алды. Сонымен бірге төртінші кезең бойынша 197 500 000 теңгеге 3 950 адамға көмек көрсету үшін құжаттары әзірленді.  

А.ЖАСАНҰЛЫ