Жас белсенділер әлеуметтік желілерде #ElbasymenBirge атты жаңа челлендж бастады
Жас белсенділер әлеуметтік желілерде #ElbasymenBirge атты жаңа челлендж бастады
фото: ашық дереккөз
5,154
оқылды
Jas Otan Жастар қанатының белсенділері Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдау үшін әлеуметтік желілерде #ElbasymenBirge атты жаңа челлендж бастады. Атап айтқанда Jas Otan Жастар қанаты Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде #ElbasymenBirge хэштегімен акцияны бастап кетті. Осы хэштег арқылы жас белсенділердің әрбірі Елбасын қолдау сөздерін айтып, тезірек сауығып кетуін тілейді. Айта кетерлігі бұған дейін Jas Otan Жастар қанатының басшысы Елнұр Бейсенбаев қазақстандық жастардың атынан Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сәлем жолдап, тезірек жазылуын тілеп, жастардың ықыласын білдірген еді. Еске сала кетсек жақында «Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында коронавируспен күрес жағдайында мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету бойынша «Birgemiz» республикалық акциясына қатысқан ең белсенді волонтерлер марапатталған болатын. Ел өңірлерінде жастар Елбасының атынан Алғыс хаттармен әлі де марапатталуда. Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Алғыс хатын осыған дейін мыңға тарта қазақстандық алды.